Елімізде тағы екі жол ақылы болады

© Sputnik / Тимур БатыршинҚапшағай тас жолы
Қапшағай тас жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Жазылу
Аркаларға жылдамдықты бақылайтын бейнекамералар орнатылған
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. 22 ақпаннан бастап тағы екі жол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Көлік министрлігінің бұйрығына сілтеме жасаған "ҚазАвтоЖол" осылай деп хабарлады.
"Қостанай - РФ шекарасы (Троицкке)" автожолының 539-376 шақырым аралығындағы учаске. Бұл учаскеде жүргізушілерге "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолы және "Қостанай – Рудный – Айет – РФ шекарасы" аудандық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы баламалы жол ұсынылады. Яғни, ақылы жолмен жүргісі келмегендерге тегін жолмен жүруге мүмкіндік бар.
Ақылы учаскенің ұзындығы 163 шақырым, ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады. Жолдың ені - кемінде 3,5 метр.
II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – РФ шекарасы (Орскқа) республикалық маңызы бар баламалы жол арқылы жүруге болады.
Ақылы жол учаскесінің ұзындығы 82 шақырым 692 метр. Жол ІІ санатқа жатады, оның ені - кемінде 3,75 метр.
Жылдамдықты бақылайтын бейнекамералар аркаларға орнатылған.
"Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады", - дейді ведомстводаылар.
Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.
Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар:
интернет-банкингтер;
төлем терминалдары мен электрондық әмияндар;
ұялы телефон балансынан;
Е100 жанармай картасы арқылы;
заңды тұлғалармен келісім шарт жасау.
Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз, дейді Қазавтожол.
Жаңалықтар
0