ЕАЭО нарығында темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күреске уәкілетті органдар тартылады

CC0 / Lukas Bieri / Темекі
Темекі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Жұмыс тобы ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеті жанынан құрылған
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО нарығында темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерін талқылады.
Бұл ЕАЭО аумағына заңсыз темекі өнімдерінің әкелінуіне және айналымына қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы.
Жұмыс тобы ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеті жанынан құрылған. Оған 80-нен астам қатысушы кіреді және оның жартысын топты құруға бастамашы болған бизнес-қоғамдастық өкілдері құрайды.
"Кездесу барысында ЕАЭО-дағы темекі және құрамында никотин бар өнімдер нарықтарының ағымдағы жағдайы, осы саладағы заңсыз айналымының тенденциялары мен динамикасы, сондай-ақ осы өнімдердің автокөлікпен тасымалдануын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану тәжірибесі талқыланды", - деп жазылған хабарламада.
Жұмыс тобының мүшелері ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарын тарта отырып, ЕЭК платформасында әзірленетін Одақ нарығында темекі өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар туралы ұсыныстар жасады.
ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісімге тағы екі мемлекет қосылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2025
ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісімге тағы екі мемлекет қосылды
Жаңалықтар
0