ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісімге тағы екі мемлекет қосылды

© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісімге тағы екі мемлекет қосылды
ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісімге тағы екі мемлекет қосылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2025
Жазылу
Біріккен Араб Әмірлектері және Моңғолияның ЕАЭО-мен рәсімдеген келісімдері барлық тараптарда ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Минск қаласында өткен жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Біріккен Араб Әмірліктері мен Моңғолия Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда туралы келісімді рәсімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Еркін сауда келісімдері бажсыз сауданы қамтамасыз етуге арналған. Мәселен, БАӘ-мен орнатылатын преференциялық сауда режимі шеңберінде қазақстандық экспорттаушылар сиыр, қой мен құс етін, сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, көкөністер, бұршақ дақылдары , алма, дәнді дақылдар, ұн, жарма, өсімдік майлары (күнбағыс, рапс), кондитерлік өнімдер және шоколад, шырындар, сулар, сондай-ақ химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластмассадан жасалған бұйымдар), тыңайтқыштар, бояулар, тұрмыстық химия, ағаш өңдеу және жеңіл өнеркәсіп өнімдері (маталар, трикотаж, киім), металлургия өнімдері, машиналар мен жабдықтар, трансформаторлар, сымдар және тағы басқа өнімдерді бажсыз негізде жеткізуге мүмкіндік алады.
Ал Моңғолиямен арадағы келісім аясында кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері немесе бажсыз тауар жеткізу қарастырылған. Тауарлардың ішінде дәнді дақылдар, құс еті, сүт өнімдері, бал, өсімдік майлары, қант, шоколадты-кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш өндірісі өнімдері, сулар, шырындар мен темекі өнімдері, трансформаторлар, көлік құралдары және тағы басқа өнімдер бар.

"Серіктестермен еркін сауда туралы келісім жасасу Қазақстанның преференциялық сауда келісімдерінің желісін кеңейтіп, экспорттық бағыттарды әртараптандырады. Бажсыз сауда режимін орнату отандық өнімдерді әріптестердің нарығына экспортын арттыру үшін қолайлы жағдай құрып, сауда-экономикалық қатынастарды бекіту үшін маңызды қадамға айналады", - делінген ресми хабарламада.

Біріккен Араб Әмірлектері және Моңғолияның ЕАЭО-мен рәсімдеген келісімдері барлық тараптарда ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді.
Айта кетері, Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың І тоқсанында 55,6 млн. АҚШ доллары болған. Ал Моңғолиямен сауда-саттық 30,1 млн. АҚШ долларына жетті.
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
ЕАЭО елдерінің жиынтық ЖІӨ-і 4-4,5%-ға өсті
Жаңалықтар
0