ЕАЭО елдерінің жиынтық ЖІӨ-і 4-4,5%-ға өсті

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Жазылу
Бұл туралы ЕАЭО Жоғарғы кеңесінің отырысында Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді
АСТАНА, 27 маусым - Sputnik. ЕАЭО елдерінің жиынтық жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 4-4,5%-ға өсіп, 2,5 триллион доллардан асты, деді Александр Лукашенко ЕАЭО Жоғарғы кеңесінің отырысында.
Лукашенконың айтуынша, Одақ бәсекеге қабілетті және табысты интеграциялық кеңістіктің өзегіне айнала алады.
Беларусь басшысы Иран президенті Масуд Пезешкянның кеңеске келмеу себебінің орынды екенін айтты.
"Иранның ядролық нысандарына соққы беру халықаралық құқықты бұзады", - деді Лукашенко.
Ол шағын форматтағы отырыстың қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыста бақылаушы елдердің, соның ішінде Иранның өкілдерінің сөз сөйлеуі туралы шешім қабылданғанын айтты.
Минскте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес кеңейтілген құрамда өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0