Жаңа рекорд: Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күй орындады

Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күйді орындады
Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күйді орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, жаңа рекордты растайтын сертификат Жетісу облысының әкімдігіне табысталды
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған "Ұлы дала үні" атты кең ауқымды облыстық мерекелік флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлады Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Флешмоб кезінде 5000 адам – кәсіби музыканттар, мектеп оқушылары, студенттер, өнер сүйер қауым – бір мезетте қос күйді орындап, ел тарихындағы жаңа рекордқа қол жеткізді.
Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күйді орындады
Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күйді орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күйді орындады
"Аталған жетістік Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторы Қайрат Тазабековтың қатысуымен ресми түрде тіркеліп, жаңа рекордты растайтын сертификат Жетісу облысының әкімдігіне табысталды", - деп жазылған хабарламада.
Шара аясында қазақтың жыршылық-термешілік дәстүрінің көрнекті өкілі Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдық мерейтойына орай "Бақтыбайдың әуені" және танымал күйші-композитор Әбдімомын Желдібайдың "Ерке сылқым" күйлері орындалды.
Қонаевта 200-ге жуық домбырашы Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Қонаевта 200-ге жуық домбырашы Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады
Жаңалықтар
0