https://sputnik.kz/20250630/qaragandyda-zhana-tugan-sabilerdi-satqan-medbike-sottaldy-55237883.html
Қарағандыда жаңа туған сәбилерді сатқан медбике сотталды
Қарағандыда жаңа туған сәбилерді сатқан медбике сотталды
Sputnik Қазақстан
Сәбилердің биологиялық анасы да 5 жылға бас бостандығынан айырылды 30.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-30T23:00+0500
2025-06-30T23:00+0500
2025-06-30T23:00+0500
қарағанды
сот
бала сату
https://sputnik.kz/img/07e8/04/02/43378237_0:1106:2048:2258_1920x0_80_0_0_d1ca50c64649ab455d286c65a7a0131b.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қарағандыда жаңа туған балаларды сатқандарға қатысты сот үкімі шықты. Сотта алты адамға жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысты операцияларды жасады деген айып тағылды. Олар екі сәбиді сыйға беру және қабылдау, осы әрекетке жәрдемдесу бойынша кінәлі деп танылған. Нақтырақ айтқанда, жаңа туған екі нәрестенің биологиялық анасы, перзентхана медбикесі және екі баланы алушы ерлі-зайыптылар сотқа тартылды. Айыпталушы әйел аралары бір жыл екі нәрестені де балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыптыларға сыйға берген. Екі жағдайда да Қарағандыдағы перзентхана медбикесі арада делдал болған.
https://sputnik.kz/20250604/aleumettik-zheli-arqyly-bala-satqandar-ustaldy-54275405.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/02/43378237_0:914:2048:2450_1920x0_80_0_0_d0e7c8bdb7192b1d4082c27121ecb89d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, сот, бала сату
қарағанды, сот, бала сату
Қарағандыда жаңа туған сәбилерді сатқан медбике сотталды
Сәбилердің биологиялық анасы да 5 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қарағандыда жаңа туған балаларды сатқандарға
қатысты сот үкімі шықты.
Сотта алты адамға жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысты операцияларды жасады деген айып тағылды. Олар екі сәбиді сыйға беру және қабылдау, осы әрекетке жәрдемдесу бойынша кінәлі деп танылған.
Нақтырақ айтқанда, жаңа туған екі нәрестенің биологиялық анасы, перзентхана медбикесі және екі баланы алушы ерлі-зайыптылар сотқа тартылды.
Айыпталушы әйел аралары бір жыл екі нәрестені де балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыптыларға сыйға берген. Екі жағдайда да Қарағандыдағы перзентхана медбикесі арада делдал болған.
"Сот шешімімен балалардың биологиялық анасы 5 жылға, медбике 8 жылға сотталды. Ал екі отбасылық жұп 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.