https://sputnik.kz/20250630/buryngy-qorganys-ministri-ruslan-zhaqsylyqov-zhana-qyzmetke-tagayyndaldy-55212470.html
Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 30.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-30T09:03+0500
2025-06-30T09:03+0500
2025-06-30T09:09+0500
руслан жақсылықов
қауіпсіздік кеңесі
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45356261_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_4d335b923eebeec5f0dd725924ca12d2.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Еске сала кетейік, 8 маусымда президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Оның орнына орынбасары Дәурен Қосанов тағайындалды. Артынша экс-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, алайда ол жалған болып шықты.Руслан Жақсылықов туралы не білеміз1966 жылы Қаскелең қаласында туған. Қазақстанның мемлекет және әскери қайраткері, генерал-полковник, педагогика ғылымдарының кандидаты.И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы.1996 — 2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары - штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды.2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.2007-2008 жж. – Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.2008 жылдың 4 қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы.2013 жылдың 22 қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.2014 жылдан бастап генерал-лейтенант атағын алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы міндетін атқарды.2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 8 маусымына дейін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45356261_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_a9169bb551df394138e7e436496009a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
руслан жақсылықов, қауіпсіздік кеңесі
руслан жақсылықов, қауіпсіздік кеңесі
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 8 маусымда президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Оның орнына орынбасары Дәурен Қосанов
тағайындалды. Артынша экс-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, алайда ол
жалған болып шықты.Руслан Жақсылықов туралы не білеміз
1966 жылы Қаскелең қаласында туған. Қазақстанның мемлекет және әскери қайраткері, генерал-полковник, педагогика ғылымдарының кандидаты.
И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы.
1996 — 2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары - штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.
2007-2008 жж. – Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.
2008 жылдың 4 қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы.
2013 жылдың 22 қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.
2014 жылдан бастап генерал-лейтенант атағын алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы міндетін атқарды.
2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 8 маусымына дейін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болды.