Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министрін қабылдады

© Минобороны Казахстана8 июня 2025 года министром обороны назначен Даурен Косанов
8 июня 2025 года министром обороны назначен Даурен Косанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Жазылу
Бүгін президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылды
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев министрге армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетері, бүгін президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Ал оның орнына орынбасары тағайындалды. Бұдан бөлек, Тоқаев тағы бір министрді қызметінен босатты.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады
Жаңалықтар
0