https://sputnik.kz/20250630/astanada-azamattardy-175-mln-tengege-aldagan-ayel-ustaldy-55225333.html
Астанада азаматтарды 175 млн теңгеге алдаған әйел ұсталды
Астанада азаматтарды 175 млн теңгеге алдаған әйел ұсталды
Sputnik Қазақстан
Полиция алданғандардың саны көбейіп жатқанын айтады 30.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-30T14:50+0500
2025-06-30T14:50+0500
2025-06-30T14:50+0500
астана
алаяқ
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Астана қаласында алаяқтық фактісі бойынша 45 жастағы әйелге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Күдікті өзін тәжірибелі риэлтор ретінде таныстырып, пәтер алып беремін деп әлеуметтік желілер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген.Күдікті азаматтарды 175 млн теңгесін үптеп кеткен. Полиция алданғандардың саны көбейіп жатқанын айтады.Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 190-бабы "Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20250618/zeynetaqy-qorynan-aqsha-aludy-uade-etken-alayaq-sottaldy-54803378.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, алаяқ
Астанада азаматтарды 175 млн теңгеге алдаған әйел ұсталды
Полиция алданғандардың саны көбейіп жатқанын айтады
АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Астана қаласында алаяқтық фактісі бойынша 45 жастағы әйелге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті өзін тәжірибелі риэлтор ретінде таныстырып, пәтер алып беремін деп әлеуметтік желілер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген.
"Ол бірнеше тұрғыннан әртүрлі көлемде алдын ала төлем алған. Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті бастапқыда сенім ұялату үшін нақты пәтерлердің фотоларын, құжаттарын көрсетіп, шынайы келісім жасалатындай әсер қалдырған. Кейіннен уәдесін орындамай, түрлі сылтаумен ақшаны қайтармаған. Тәртіп сақшылары осыған ұқсас 30-ға жуық эпизод бар екенін анықтады", - дейді ведомство.
Күдікті азаматтарды 175 млн теңгесін үптеп кеткен. Полиция алданғандардың саны көбейіп жатқанын айтады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 190-бабы "Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.