https://sputnik.kz/20250630/aqmola-oblysynda-birneshe-adam-sibir-zharasyn-zhuqtyrdy--55230772.html
Ақмола облысында бірнеше адам сібір жарасын жұқтырды
Ақмола облысында бірнеше адам сібір жарасын жұқтырды
Sputnik Қазақстан
Ведомствоның мәліметінше, 9 сынама алынып, оның ішінде 3 сынама оң нәтиже көрсеткен 30.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-30T16:15+0500
2025-06-30T16:15+0500
2025-06-30T16:16+0500
ақмола облысы
жұқпалы аурулар
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861248_0:0:3041:1711_1920x0_80_0_0_62792c4c77ef6743e142b0b89029c740.jpg
АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Ақмола облысы Атбасар ауданында бес адам сібір жарасымен науқастанып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Барлық науқастар ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты, дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Ведомствоның мәліметінше, 9 сынама алынып, оның ішінде 3 сынама оң нәтиже көрсеткен. Сынамалар ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жіберілген. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы сібір жарасын жұқтырған бес адамның жағдайы тұрақты дейді. "Қазір бес науқас Көкшетау қаласындағы ауруханада ем алып жатыр. Оларды санавиация көлігімен облыстың бас штаттан тыс инфекционисті барып, пациенттерді қарап, облыс орталығына жеткізді. Келген кезде науқастардың температурасы жоғары болды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақтанды. Жаралары жазылып келеді", - дейді басқарма. Сібір жарасына қатысты тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20241206/atyraudagy-bazarlardyn-birinen-sibir-zharasy-anyqtaldy-49090882.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861248_235:0:2966:2048_1920x0_80_0_0_db88290f5e98a839d0ca222bd431714a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, жұқпалы аурулар
ақмола облысы, жұқпалы аурулар
Ақмола облысында бірнеше адам сібір жарасын жұқтырды
16:15 30.06.2025 (жаңартылды: 16:16 30.06.2025) Ведомствоның мәліметінше, 9 сынама алынып, оның ішінде 3 сынама оң нәтиже көрсеткен
АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Ақмола облысы Атбасар ауданында бес адам сібір жарасымен науқастанып, ауруханаға түсті, деп
хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Барлық науқастар ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты, дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
"Зертханалық зерттеулер жасалып, эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тексеру жүргізілді. Ошақ аумағында дезинфекциялық іс-шаралар жүзеге асырылады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ветеринариялық бақылау комитетінің қызметкерлері Шұқыркөл ауылдық округіне барып, мал соятын орын дайындады", - дейді департамент.
Ведомствоның мәліметінше, 9 сынама алынып, оның ішінде 3 сынама оң нәтиже көрсеткен. Сынамалар ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жіберілген.
"Індет шыққан орын механикалық тазартылып, дезинфекцияланып, қалдықтар толық жанғаннан кейін көмілді. Шұқыркөл ауылдық округінің аумағында алдын ала жұқтырған малмен бірге 350-ге жуық бас мал жайылған. Малдың бәрі қорада, жайылымға шығарылған жоқ", - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы сібір жарасын жұқтырған бес адамның жағдайы тұрақты дейді.
"Қазір бес науқас Көкшетау қаласындағы ауруханада ем алып жатыр. Оларды санавиация көлігімен облыстың бас штаттан тыс инфекционисті барып, пациенттерді қарап, облыс орталығына жеткізді. Келген кезде науқастардың температурасы жоғары болды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақтанды. Жаралары жазылып келеді", - дейді басқарма.
Сібір жарасына қатысты тергеу жүріп жатыр.