https://sputnik.kz/20241206/atyraudagy-bazarlardyn-birinen-sibir-zharasy-anyqtaldy-49090882.html
Атыраудағы базарлардың бірінен сібір жарасы анықталды
Атыраудағы базарлардың бірінен сібір жарасы анықталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Атырау қаласындағы сауда нүктелерін қайта тексеру кезінде базарлардың бірінде сібір жарасының белгілері анықталды, деп... 06.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-06T17:23+0500
2024-12-06T17:23+0500
2024-12-06T17:23+0500
ет
базар
инфекция
атырау
https://sputnik.kz/img/539/63/5396307_0:18:3072:1746_1920x0_80_0_0_9aa8bacec779203ac3149eaa1a45ae23.jpg
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Атырау қаласындағы сауда нүктелерін қайта тексеру кезінде базарлардың бірінде сібір жарасының белгілері анықталды, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.Жедел тест аурудың белгілерін растады. Қаулыға сәйкес базар дезинфекциялық шараларды өткізу үшін жедел түрде жабылды.Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ет сатумен айналысатын 65-тен астам сауда нүктелерін тексерді. Барлығы 700-ден астам сынама алынды және олардың барлығы теріс нәтиже көрсеткен.Департамент мамандары халыққа сібір жарасынан қорғану үшін етті ветеринарлық бақылаудан өткен, тексерілген жерлерде ғана сатып алуға кеңес берді. "Қолданар алдында етті мұқият пісіріп, оның ішкі температурасын 70°C дейін жеткізіңіз. Шикі етпен жұмыс істегеннен кейін қолыңызды, пышақтарыңызды және ет кескен тақтайшаларды жуыңыз. Күмәнді немесе термиялық өңделмеген ет жеуден аулақ болыңыз", - деп ескертті департаменттегілер.
https://sputnik.kz/20240910/almaty-oblysynda-11-adam-sibir-zharasyn-zhuqtyrgan-46956467.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/539/63/5396307_91:0:2822:2048_1920x0_80_0_0_42645a331df1db8766ea00ba805fec8d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет, базар, инфекция, атырау
ет, базар, инфекция, атырау
Атыраудағы базарлардың бірінен сібір жарасы анықталды
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Атырау қаласындағы сауда нүктелерін қайта тексеру кезінде базарлардың бірінде сібір жарасының белгілері анықталды, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Жедел тест аурудың белгілерін растады. Қаулыға сәйкес базар дезинфекциялық шараларды өткізу үшін жедел түрде жабылды.
"Қайта тексеру барысында алынған үлгілер ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығына жіберілді. Зерттеудің соңғы нәтижелері бірнеше күн ішінде белгілі болады. Бұл факт бойынша эпидемиологиялық тергеу басталды", - дейді ведомство.
Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ет сатумен айналысатын 65-тен астам сауда нүктелерін тексерді. Барлығы 700-ден астам сынама алынды және олардың барлығы теріс нәтиже көрсеткен.
Департамент мамандары халыққа сібір жарасынан қорғану үшін етті ветеринарлық бақылаудан өткен, тексерілген жерлерде ғана сатып алуға кеңес берді.
"Қолданар алдында етті мұқият пісіріп, оның ішкі температурасын 70°C дейін жеткізіңіз. Шикі етпен жұмыс істегеннен кейін қолыңызды, пышақтарыңызды және ет кескен тақтайшаларды жуыңыз. Күмәнді немесе термиялық өңделмеген ет жеуден аулақ болыңыз", - деп ескертті департаменттегілер.