https://sputnik.kz/20240910/almaty-oblysynda-11-adam-sibir-zharasyn-zhuqtyrgan-46956467.html
Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған
Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкуен Ақсу ауылының 11 тұрғыны сібір жарасын жұқтырған. Қазіргі күні 16 адам ауруханаға жатқызылған... 10.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-10T12:37+0500
2024-09-10T12:37+0500
2024-09-10T12:37+0500
инфекция
карантин
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_0:0:2853:1605_1920x0_80_0_0_2afc136f7e5a8688c17300d419f25c19.jpg
АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкуен Ақсу ауылының 11 тұрғыны сібір жарасын жұқтырған. Қазіргі күні 16 адам ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.16 адамның төртеуінен ауру анықталмады, бір адамның зерттеу нәтижелерінің жауап әлі белгісіз. Ал 11 адамнан сібір жарасы анықталғанЖағдайға байланысты облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Олардың ішінде-эпидемиологиялық ошақты оқшаулау, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейту және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.Айта кетейік, 3 қыркүйекте Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында сібір жарасы анықталған. Ол кезде осы ауруды жұқтырды деген күдікпен 2-3 тұрғын ауруханаға жатқызылған болатын. Облыстық әкімдік ол кезде ауылды карантинге жаппай, уақытша шектеу енгізілгенін айтты.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_272:0:2853:1936_1920x0_80_0_0_8ee15441e77108f91179e85f7843cf9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфекция, карантин, алматы облысы
инфекция, карантин, алматы облысы
Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған
АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкуен Ақсу ауылының 11 тұрғыны сібір жарасын жұқтырған. Қазіргі күні 16 адам ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
16 адамның төртеуінен ауру анықталмады, бір адамның зерттеу нәтижелерінің жауап әлі белгісіз. Ал 11 адамнан сібір жарасы анықталған
"Қазіргі уақытта аурудың таралуы байқалмайды, жағдай бақылауда. Біз өңір тұрғындарына тек тексерілген жерлерден ет және ет өнімдерін сатып алу, малға күтім жасау кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеміз", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Алмат Тұрысбекұлы
Жағдайға байланысты облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Олардың ішінде-эпидемиологиялық ошақты оқшаулау, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейту және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Айта кетейік, 3 қыркүйекте Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында сібір жарасы анықталған. Ол кезде осы ауруды жұқтырды деген күдікпен 2-3 тұрғын ауруханаға жатқызылған болатын. Облыстық әкімдік ол кезде ауылды карантинге жаппай, уақытша шектеу
енгізілгенін айтты.