https://sputnik.kz/20250629/krokuske-shabuyl-zhasagandar-ony-ukraina-uyymdastyrganyn-moyyndady-59482907.html
"Крокуске" шабуыл жасағандар оны Украина ұйымдастырғанын айтты
"Крокуске" шабуыл жасағандар оны Украина ұйымдастырғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Шабуылды орындағандар оны Украина ұйымдастырғанын және оған Ресеймен тату емес басқа елдер де тапсырыс бергенін айтады 29.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-29T18:23+0500
2025-06-29T18:23+0500
2025-12-10T13:07+0500
ресей
теракт
украина
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1b/43221406_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_b1b5cf69d1342a354ea01bb3b40c3d14.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Ресейдегі "Крокуске" шабуыл жасағандар оны Украина ұйымдастырғанын және өздері алданып қалғандарын мойындады. Бұл туралы РИА Новости айыпталушылардың берген жауаптарына сілтеме жасап хабарлады.Іске қатысы бар деген күдіктінің бірі - Муродали Рачабализода шабуылды Украина мен "Хорасан" террористік тобы тапсырыс бергенін тікелей мәлімдеді."Сайфулло Фаридуниге Telegram арқылы дыбыстық хабарлама жіберіп, Украинаға көмек сұрады, себебі Украина мұсылмандардың жауы болып саналатын Ресеймен соғысып жатыр. Мен де бұл дыбыстық хабарламаны тыңдадым. Кейінірек біз мұны Фаридунимен талқыладық, өйткені "Сайфулло" бастапқыда бізді алдау үшін бұл террорлық шабуылды тек дін мүддесі үшін, мұсылмандардың мүддесі үшін жасаймыз деп айтқанын түсіндік. Кейіннен біз Украинаның тапсырысын орындайтынымызды түсінген кезде, терактіден бас тартпаймыз деп шештік. Өйткені "Сайфулло" бізге көп ақша ұсынды <…>. Сондықтан мен біз орындаған шабуылымыздың ұйымдастырушысы ретінде Украинаны көрсетіп отырмын", - деді ол.Мұхаммадсобир Файзов та осындай куәлік берді.Зардап шеккен 95 отбасының мүддесін қорғайтын адвокат Игорь Трунов шабуылды орындағандар Украинаны ұйымдастырушы, ал Ресеймен тату емес басқа елдерді тапсырыс берушілер деп атайтынын және жауап алу кезінде айтылғандай, "бұл елдер Ресейге зиян келтіру үшін терроризмді қаржыландыратынын" мәлімдеді.*Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.
https://sputnik.kz/20240326/resey-krokus-siti-kholdagy-teraktige-tapsyrys-berushini-anyqtauy-kerek--putin-43185821.html
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1b/43221406_247:0:2976:2047_1920x0_80_0_0_2f8cb8d7f90b0eade532412ec4fc279f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, теракт, украина
"Крокуске" шабуыл жасағандар оны Украина ұйымдастырғанын айтты
18:23 29.06.2025 (жаңартылды: 13:07 10.12.2025) Шабуылды орындағандар оны Украина ұйымдастырғанын және оған Ресеймен тату емес басқа елдер де тапсырыс бергенін айтады
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Ресейдегі "Крокуске" шабуыл жасағандар оны Украина ұйымдастырғанын және өздері алданып қалғандарын мойындады. Бұл туралы РИА Новости айыпталушылардың берген жауаптарына сілтеме жасап хабарлады.
"Ашығын айтқанда, Фаридуни мен Мирзоевтің арасындағы әңгімелерді естігенде, бізді басқа елдің, атап айтқанда, мұсылман әлемімен ешқандай байланысы жоқ, бірақ Ресей аумағында өз мақсаттарын жүзеге асырып жатқан Украинаның мүддесі үшін пайдаланып жатқанын түсіндім. "Хорасан*" экстремистік қозғалысының мүшелері Украинаның мемлекеттік құрылымдары тапсырыс беруі бойынша біздің әрекеттерімізді ұйымдастырушы болды, мұны "Сайфуллоның" өзі растады", - деді айыпталушылардың бірі жауап алу кезінде.
Іске қатысы бар деген күдіктінің бірі - Муродали Рачабализода шабуылды Украина мен "Хорасан" террористік тобы тапсырыс бергенін тікелей мәлімдеді.
"Сайфулло Фаридуниге Telegram арқылы дыбыстық хабарлама жіберіп, Украинаға көмек сұрады, себебі Украина мұсылмандардың жауы болып саналатын Ресеймен соғысып жатыр. Мен де бұл дыбыстық хабарламаны тыңдадым. Кейінірек біз мұны Фаридунимен талқыладық, өйткені "Сайфулло" бастапқыда бізді алдау үшін бұл террорлық шабуылды тек дін мүддесі үшін, мұсылмандардың мүддесі үшін жасаймыз деп айтқанын түсіндік. Кейіннен біз Украинаның тапсырысын орындайтынымызды түсінген кезде, терактіден бас тартпаймыз деп шештік. Өйткені "Сайфулло" бізге көп ақша ұсынды <…>. Сондықтан мен біз орындаған шабуылымыздың ұйымдастырушысы ретінде Украинаны көрсетіп отырмын", - деді ол.
Мұхаммадсобир Файзов та осындай куәлік берді.
Зардап шеккен 95 отбасының мүддесін қорғайтын адвокат Игорь Трунов шабуылды орындағандар Украинаны ұйымдастырушы, ал Ресеймен тату емес басқа елдерді тапсырыс берушілер деп атайтынын және жауап алу кезінде айтылғандай, "бұл елдер Ресейге зиян келтіру үшін терроризмді қаржыландыратынын" мәлімдеді.
*Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.