Ресей "Крокус Сити Холдағы" терактіге тапсырыс берушіні анықтауы керек – Путин

© POOL / Медиабанкке өтуОбращение В. Путина к гражданам по итогам выборов президента России
Обращение В. Путина к гражданам по итогам выборов президента России - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Жазылу
Ол бұл жағдай "2014 жылдан бері бізбен соғысып жүргендерге" тиімді болды деп мәлімдеді
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 139 адамның өмірін қиған "Крокус Сити Холдағы" терактіге қатысты кеңес өткізді, деп хабарлады РИА Новости.
"Крокус Сити Холға" жасалған шабуылды радикалды исламшылар жасады, бірақ Ресейді оған кім тапсырыс бергені қызықтырады, деді Путин терактіден кейін қабылданған шаралар туралы кеңесте.
Ол бұл жағдай "2014 жылдан бері бізбен соғысып жүргендерге" тиімді болды деп мәлімдеді.
"Крокустағы" қылмысты жасағаннан кейін лаңкестер неліктен Украинаға бармақ болды және оларды онда кім күтіп отырды деген сұрақтарға жауап беру керек, деп толықтырды Путин.
"Тергеу жоғары деңгейде кәсіби, объективті, ешқандай саяси мүддені көздемей жүргізілуі керек" - деді ол.
Америка Құрама Штаттары әртүрлі арналар арқылы "Крокустағы" қанды қырғынға Киевтің қатысы жоқ дегенге барлығын сендіруге тырысып жатыр, деп атап өтті Путин.
Оның айтуынша, теракт 2014 жылдан бері Киев режимінің қолымен Ресейге қарсы соғысып жатқандардың әрекеті болуы мүмкін.
Кездесудің басында Путин тағы да қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Теракт в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2024
Ресейдегі теракт: күдіктілер екі айға қамауға алынды
Жаңалықтар
0