Пәкістанда жанкешті 16 адамның өмірін қиды

© Sputnik / В. НакаряковКарачи
Карачи - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2025
Жазылу
Сондай-ақ 19 бейбіт тұрғын жараланды
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Пәкістанда жанкешті жарылғыш зат тиелген автокөлікпен әскери колоннаны соққан. Жарылыс болып, салдарынан 16 адам қаза тапты.
Hindustan Times басылымының хабарлауынша, теракт Ауғанстанмен шекарадағы Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Солтүстік Вазиристанда болған.
Алдымен 13 сарбаз қаза тауып, оны жараланғаны хабарланды, алайда кейінірек қаза тапқандардың саны 16 адамға жетті.
"Сондай-ақ 19 бейбіт тұрғын жараланды. Олардың арасында жарылыс салдарынан опырылып құлаған шатырдың астында қалған алты бала бар", - деп жазады басылым.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл үшін жауапкершілікті пәкістандық тәлібтер фракциясы мойнына алған.
Пәкістан - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Әлем
Пәкістанда жанкешті мешіттегі намазға барып теракт жасады - 17 адам көз жұмды
Жаңалықтар
0