Әлем

Пәкістанда жанкешті мешіттегі намазға барып теракт жасады - 17 адам көз жұмды

© AFP 2024 / ABDUL MAJEEDПәкістан
Пәкістан - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Жазылу
Қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, жанкешті намаз кезінде алдыңғы қатарда тұрған
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Пәкістанда жанкешті мешітті жарып жіберді.
Кем дегенде 17 адам көз жұмып, 90-нан астам азамат жарақат алды, деп хабарлайды Geo News арнасы.
"Аурухана өкілі жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапқанын, 90-нан астам жараланған тұрғын ауруханаға жеткізілгенін айтты. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен 10-нан астам адамның жағдайы ауыр", - деп хабарлайды телеарна.
Қазір дәрігерлер азаматтардан зардап шеккендер үшін қан тапсыруды сұрап отыр.
Оқиға кезінде мешітте кем дегенде 120 адам болған. Қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, жанкешті намаз кезінде алдыңғы қатарда тұрған.
"Зардап шеккендердің арасында негізінен полицейлер көп", - деп телеарна оқиға куәгерінің сөзін келтірді.
Жаңалықтар
0