https://sputnik.kz/20250627/qazsushardyn-tagy-bir-filialyna-30-zhana-tekhnika-berildi-55161759.html
"Қазсушардың" тағы бір филиалына 30 жаңа техника берілді
"Қазсушардың" тағы бір филиалына 30 жаңа техника берілді
Sputnik Қазақстан
Филиалға жалпы саны 35 техника бөлінді, енді қалған 5 техника биыл қыркүйекке дейін жеткізіледі 27.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-27T18:29+0500
2025-06-27T18:29+0500
2025-06-27T18:29+0500
қызылорда облысы
техника
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0c/34839577_0:133:2568:1578_1920x0_80_0_0_a0745e71810e8453002ec9bcff58ada9.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. "Қазсушардың" "Сыр суы" филиалына 30 жаңа арнайы техника тапсырылды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жалағаш және Қармақшы аудандарының диқандары министрліктен қосымша сорғылар сатып алуға көмек көрсетуді сұрады. Министр бұл мәселеде ведомство фермерлерге қолдау көрсететінін айтты.Министр "Қазсушар" РМК-нің "Сыр суы" филиалына жаңа арнайы техникалардың кілттерін тапсыру рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, филиал 30 техника алды, оның ішінде экскаватор-тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, су тасығыштар, самосвалдар, автокран, тартқыш, аспалы жабдық, дизельді генератор бар. Филиалға жалпы саны 35 техника бөлінді, енді қалған 5 техника биыл қыркүйекке дейін жеткізіледі.Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "Қазсушар" РМК филиалдарын бүкіл ел бойынша жаңа жабдықтармен жарақтандыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдары жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-ын алды.
https://sputnik.kz/20250618/aymaq-klimatyna-beyimdelgen-aqtobege-koshe-tazalauga-arnalgan-35-zhana-tekhnika-zhetkizildi-54794365.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0c/34839577_144:0:2424:1710_1920x0_80_0_0_8a21c428b14c3d1df44a8b5fe9b8cc04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, техника
қызылорда облысы, техника
"Қазсушардың" тағы бір филиалына 30 жаңа техника берілді
Филиалға жалпы саны 35 техника бөлінді, енді қалған 5 техника биыл қыркүйекке дейін жеткізіледі
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. "Қазсушардың" "Сыр суы" филиалына 30 жаңа арнайы техника тапсырылды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жалағаш және Қармақшы аудандарының диқандары министрліктен қосымша сорғылар сатып алуға көмек көрсетуді сұрады. Министр бұл мәселеде ведомство фермерлерге қолдау көрсететінін айтты.
"Климаттың өзгеруі Сырдария бассейнінің су ресурстарына одан әрі әсер етеді. Сондықтан су үнемдеу технологияларын енгізуді жеделдету, ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшуді қарастыру және жалпы суармалы суды неғұрлым ұтымды пайдалану қажет", – деді Нұржан Нұржігітов.
Министр "Қазсушар" РМК-нің "Сыр суы" филиалына жаңа арнайы техникалардың кілттерін тапсыру рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, филиал 30 техника алды, оның ішінде экскаватор-тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, су тасығыштар, самосвалдар, автокран, тартқыш, аспалы жабдық, дизельді генератор бар. Филиалға жалпы саны 35 техника бөлінді, енді қалған 5 техника биыл қыркүйекке дейін жеткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "Қазсушар" РМК филиалдарын бүкіл ел бойынша жаңа жабдықтармен жарақтандыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдары жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-ын алды.