https://sputnik.kz/20250627/qazaqstan-tayau-shygys-elderinen-oz-azamattaryn-evakuatsiyalaudy-ayaqtady-55163911.html
Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады
Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда Израильден эвакуацияланғандардың жалпы саны 103 адамды құ 27.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-27T20:27+0500
2025-06-27T20:27+0500
2025-06-27T20:31+0500
қазақстан
иран
эвакуация
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0e/54649762_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7f58b652728b5634f83a72dc2f80cf31.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың және шетелдік серіктестердің қолдауымен Израиль мен Ираннан Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың кезекті кезеңін аяқтады, деп хабарлады ведомстводағылар.25 маусымда Қазақстанның Израиль мен Мысырдағы елшіліктері 37 адамды, соның ішінде Қырғызстан мен Ресейдің 13 азаматын эвакуациялады. 26 маусымда бұл топ "SCAT" әуе компаниясының Каир-Шымкент бағыты бойынша рейсімен Қазақстанға аман-есен оралды. Бүгінгі таңда Израильден эвакуацияланғандардың жалпы саны 103 адамды құрайды.Бұдан бөлек, 23-25 маусым аралығында әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде болған көптеген қазақстандық азаматтар дер кезінде Отанға орала алмады. Аталған елдердегі ҚР мекемелері туындаған мәселелерді реттеу және отандастарымыздың тез арада оралуы үшін жан-жақты консулдық-құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсетті. 24-27 маусым аралығында еліміздің Қатар мен БАӘ-дегі дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Қазақстанға 1900-ден астам азамат оралды.Сыртқы істер министрлігі Иран, Израиль, Түрікменстан, Мысыр, Әзербайжан, Армения, БАӘ және Қатар билігіне қазақстандықтардың қауіпсіз шығуын қамтамасыз етудегі жедел көмегі мен сындарлы ынтымақтастығы үшін шынайы алғыс білдірді.
https://sputnik.kz/20250620/izrailden-66-irannan-78-qazaqstandyqtardy-evakuatsiyalau-zhalgasyp-zhatyr-54934646.html
қазақстан
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0e/54649762_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_e79cc2cfb3048ddc9c569e8af6daabc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, иран, эвакуация
қазақстан, иран, эвакуация
Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады
20:27 27.06.2025 (жаңартылды: 20:31 27.06.2025) Бүгінгі таңда Израильден эвакуацияланғандардың жалпы саны 103 адамды құ
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың және шетелдік серіктестердің қолдауымен Израиль мен Ираннан Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың кезекті кезеңін аяқтады, деп хабарлады
ведомстводағылар.
25 маусымда Қазақстанның Израиль мен Мысырдағы елшіліктері 37 адамды, соның ішінде Қырғызстан мен Ресейдің 13 азаматын эвакуациялады. 26 маусымда бұл топ "SCAT" әуе компаниясының Каир-Шымкент бағыты бойынша рейсімен Қазақстанға аман-есен оралды. Бүгінгі таңда Израильден эвакуацияланғандардың жалпы саны 103 адамды құрайды.
"Өңірдегі ахуал күрделенген сәттен бастап Тегеран, Ашхабад, Баку мен Еревандағы Қазақстан елшіліктерінің қолдауымен Ираннан 233 Қазақстан азаматы сәтті эвакуацияланды. Олардың 135-і Түрікменстан арқылы, 25-і Әзербайжан арқылы, 73-і Армения арқылы шықты", деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, 23-25 маусым аралығында әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде болған көптеген қазақстандық азаматтар дер кезінде Отанға орала алмады. Аталған елдердегі ҚР мекемелері туындаған мәселелерді реттеу және отандастарымыздың тез арада оралуы үшін жан-жақты консулдық-құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсетті. 24-27 маусым аралығында еліміздің Қатар мен БАӘ-дегі дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Қазақстанға 1900-ден астам азамат оралды.
Сыртқы істер министрлігі Иран, Израиль, Түрікменстан, Мысыр, Әзербайжан, Армения, БАӘ және Қатар билігіне қазақстандықтардың қауіпсіз шығуын қамтамасыз етудегі жедел көмегі мен сындарлы ынтымақтастығы үшін шынайы алғыс білдірді.