Израильден 66, Ираннан 78: қазақстандықтарды эвакуациялау жалғасып жатыр

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаҚазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастырып жатыр
Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастырып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
Израильден отандастарымыз Мысыр аумағы арқылы, Ираннан Армения, Әзербайжан, және Түрікменстан арқылығы шығарылған
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастырып жатыр, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Ведомствоның үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66, Ираннан 78 Қазақстан азаматы шығарылды.
Айта кетері, Израильден отандастарымыз Мысыр аумағы арқылы, Ираннан Армения, Әзербайжан, және Түрікменстан арқылығы шығарылған.
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, дейді министрліктегілер.
"Сыртқы істер министрлігі Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
109 қазақстандық Ираннан елге оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
109 қазақстандық Ираннан елге оралды
Жаңалықтар
0