Астанада тәртіп сақшыларына пәтер кілті берілді

© Photo : Пресс-служба акима АстаныАстанада тәртіп сақшыларына пәтер кілті берілді
Астанада тәртіп сақшыларына пәтер кілті берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Жазылу
Соңғы жылдары 50-ден астам полиция қызметкеріне баспана берілді
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында полиция қызметкерлеріне пәтер кілтін табыс еткенін жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл іс-шара Полиция күні орайластырылған.
"Бүгін 20 полиция қызметкерінің отбасына пәтер кілтін табыстадық. Олардың қатарында инспекторлар, жедел уәкілдер, криминалистер, жүргізушілер, тергеушілер, ақпарат және байланыс басқармасының инженерлері бар. Соңғы жылдары 50-ден астам полиция қызметкеріне баспана берілді. Алдағы уақытта да тұрғын үй мәселесіне ерекше көңіл бөлеміз", - деп жазды Қасымбек.
Қала басшысы полицияның штат санын кезең-кезеңімен арттыру мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Мәселен, былтыр қосымша 200 штат бөлінді.
"Учаскелік пунктер желісін дамытып жатырмыз. Соңғы екі жылда 10 жаңа пункт ашылды, биыл тағы 14 пункт ашу жоспарланып отыр, олардың 2-еуі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр, қалғандары бойынша ғимараттар іріктеліп жатыр. Халық көп жүретін орындарға 16 модульдік бекет орнатылды, биыл тағы 3-еуі қосылады", - дейді елорда әкімі.
Қасымбектің айтуынша, соңғы екі жылда 74 техника сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 17 бірлік алу жоспарланып отыр.
Париж олимпиадасының  жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Алматыда олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды
Жаңалықтар
0