https://sputnik.kz/20250626/gaagada-ukrainanyn-nato-ga-kiruine-qarsy-tarap-zhendi---orban-55126534.html
Гаагада Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы тарап жеңді - Орбан
Гаагада Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы тарап жеңді - Орбан
Sputnik Қазақстан
Бірақ енді Брюссельде өтетін Еуроодақ саммитінде "үлкен шайқас" күтіп тұр, дейді Венгрия өкілі 26.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-26T13:43+0500
2025-06-26T13:43+0500
2025-06-26T13:43+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/06/30047994_0:61:3078:1792_1920x0_80_0_0_223d39d530b66e405d12ccb34d9a5ce8.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Гаагадағы НАТО саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамп және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша қысқа келіссөздер өткізгенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.Оның айтуынша, Украина альянсқа мүше болмау керек деген пікірді қолдайтындар Гаагадағы саммитте "жеңді". Бірақ енді Брюссельде өтетін Еуроодақ саммитінде "үлкен шайқас" күтіп тұр. Өйткені ол жақта Украина қоғамдастыққа қабылдануы керек деген пікір басым."Біз Еуропа Ресей-Украина қақтығысында АҚШ президентінің бейбітшілік бастамасын толық қолдауы керек деп санаймыз. Бұл біздің міндетіміз болар еді. Бірақ қазір еуропалықтар қақтығысты қалайды", - деді Венгрия премьер-министрі.24-25 маусымда Гаагада НАТО саммиті өтті. Бірінші күннен кейін Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Гаагадағы НАТО саммитінің қорытынды құжатында Украинаның альянстағы кіруі жөнінде ешбір сөз көрсетілмегенін айтты.
https://sputnik.kz/20250605/orban-bryusseldin-sayasatyn-synga-aldy-54330421.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/06/30047994_347:0:3078:2048_1920x0_80_0_0_0fd25c0cd69e4cef03f7e68acb350d63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Гаагада Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы тарап жеңді - Орбан
Бірақ енді Брюссельде өтетін Еуроодақ саммитінде "үлкен шайқас" күтіп тұр, дейді Венгрия өкілі
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Гаагадағы НАТО саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамп және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша қысқа келіссөздер өткізгенін айтты, деп хабарлады
РИА Новости.
"Кеше Нидерланды королі кешкі ас берді. Барлығы барды, біз үшеуміз қалып, үш жақты сөйлестік. Президент Трамп, Түркия президенті және мен қауіпсіздіктің ең қиын мәселелерін талқыладық", - деді Орбан YouTube-тегі Patriota арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Украина альянсқа мүше болмау керек деген пікірді қолдайтындар Гаагадағы саммитте "жеңді". Бірақ енді Брюссельде өтетін Еуроодақ саммитінде "үлкен шайқас" күтіп тұр. Өйткені ол жақта Украина қоғамдастыққа қабылдануы керек деген пікір басым.
"Біз Еуропа Ресей-Украина қақтығысында АҚШ президентінің бейбітшілік бастамасын толық қолдауы керек деп санаймыз. Бұл біздің міндетіміз болар еді. Бірақ қазір еуропалықтар қақтығысты қалайды", - деді Венгрия премьер-министрі.
24-25 маусымда Гаагада НАТО саммиті өтті. Бірінші күннен кейін Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Гаагадағы НАТО саммитінің қорытынды құжатында Украинаның альянстағы кіруі жөнінде ешбір сөз көрсетілмегенін айтты.