Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Орбан Брюссельдің саясатын сынға алды

© Sputnik / Stringer / Медиабанкке өтуПремьер-министр Венгрии Виктор Орбан
Премьер-министр Венгрии Виктор Орбан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан Брюсельдің саясатын сынға алды, деп хабарлайды РИА Новости.
Орбанның айтуынша, Брюссель Украинадағы қақтығысты алға тартып, өз билігін күшейтуге, сондай-ақ Еуропалық одақ елдерінің өкілеттілігін алып қоюға тырысқан.
"Біз ондай саясатты білеміз. Оның ешқандай пайдасы жоқ және болашағымызға қауіп төндіріп отыр. Соның салдарынан энергия қымбаттады. Онымен бірге күнделікті өмірімізде қажетті нәрселердің бәрі қымбаттай бастады. Сол себепті еуропа экономикасы қиын жағдайға тап болды. Бұл Мажарстан кірген Еуропалық одақ емес", - деді Орбан.
Бұған дейін Мажарстан премьер-министрі Еуропа мен АҚШ-тың Украинаға барлығы 310 миллиард еуро жұмсағанын айтқан. Ал осы ақшаны еуропа экономикасына салғанда еуропа бүгінде әлдеқайда жақсы өмір сүретін еді. Орбанның айтуынша, ондай қаражатпен "ғажайып өзгерістерді" жасауға болады.
Виктор Орбан - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Орбан Еуроодақтың Украина армиясын қаржыландыруына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0