Азаматтық некедегі әйелінің көлігін өртеген ер адамға үкім шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
Жәбірленушінің жүргізуші куәлігі болмағандықтан, ол аталған көлікті сақтандыру полисі бойынша өзінің азаматтық жұбайына уақытша берген
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында ер адам жанжалдан кейін азаматтық некедегі әйелінің көлігін өртеп жіберген.
Бөтеннің мүлкін өртеу арқылы қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс Жамбыл аудандық сотында қаралды.
Сотпен анықталғандай, сотталушы және оның азаматтық некедегі әйелі бастапқы жарнасы 800 мың теңге болатын 4 млн теңге тұратын BMW530i автокөлігін несиеге сатып алған. Жәбірленушінің жүргізуші куәлігі болмағандықтан, ол аталған көлікті сақтандыру полисі бойынша өзінің азаматтық жұбайына уақытша берген.
"2025 жылдың наурыз айының соңында ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, нәтижесінде ер адам ашуланып, зайыбының көлігін қасақана жою туралы ойы туындайды. Ары қарай ол 5 литр бензин сатып алып, көлікпен ашық алаңға шығып, бензинді автомобильдің салонына, содан кейін қозғалтқыштың сыртқы бөліктеріне құйып, өртеп жіберді", - деп жазылған хабарламада.
Ер адамның кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сотталушының өзі де кінәсін толық мойындады.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
"Балабақшаға орналастырамын": Астанада 30 адамды алдаған әйелге үкім шықты
Жаңалықтар
0