"Балабақшаға орналастырамын": Астанада 30 адамды алдаған әйелге үкім шықты

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Жазылу
Келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асады
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Астанада әйел адам 30-дан астам ата-ананы балабақшаға орын алып беремін деп алдаған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Ол балабақшаға зәру ата-аналарды алдап, ақшасын иемденіп кеткен.
"Сотталушы өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы "Пікірлер" бөлімінен тапқан, онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініш қалдырған. Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шыққан. Өзін "делдал" ретінде таныстырып, сыйақы үшін "Indigo24.kz" жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан", - дейді ведомство.
Қаражатты алған соң ізін суытқан.
Әйелге қатысты 30-дан астам алаяқтық фактісі анықталды, ал келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асады.
Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан. Ал келтірген шығынды толық қайтарған. Ол сот үкімімен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді, пробациялық бақылауда болады.
Ұйымдастырушысы 19 жаста: азаматтарды 250 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды    - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Ұйымдастырушысы 19 жаста: азаматтарды 250 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0