Ұйымдастырушысы 19 жаста: азаматтарды 250 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуҰйымдастырушысы 19 жаста: азаматтарды 250 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды
Ұйымдастырушысы 19 жаста: азаматтарды 250 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды    - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер 30-дан астам мобильді құрылғыны пайдаланған
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Алматы облысында тұрғындарды 250 млн теңгеге алдаған интернет-алаяқтықтың схемасы әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топтың күдікті ұйымдастырушысы мен үш сыбайлас дроппері ұсталған.
"Ұйымдастырушы небәрі 19 жаста, Алматы облысының тұрғыны. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық схемаға 2023 жылдың қазан айынан бері қатысқан. Алдымен қарапайым дроп ретінде бастаса, 2024 жылдың маусымынан бастап дропперлерді басқаруға көшкен. 2025 жылдың қаңтарынан бастап куратор ретінде әрекет етіп, үш дропперді басқарып келген", – дейді полиция.
Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер 30-дан астам мобильді құрылғыны пайдаланған. Бұл құрылғыларда 50-ден астам жалған тұлғаға рәсімделген банктік қосымшалар болған. Сондай-ақ ноутбук, Ресей байланыс операторларына тиесілі 11 SIM-карта және шетелдік қаржы ұйымдарының банктік карталары тәркіленді.
"Алдын ала есептеулер бойынша, куратор қылмыстық әрекет барысында шамамен 10 миллион теңге табыс тапқан, ал оның сыбайластарының әрқайсысы – 3 миллион теңгеден. Сыбайластар тек ақшаны шешіп қана қоймай, банк есепшоттары бұғатталған жағдайда басқа дроптарды банктерге ертіп барған", - дейді ведомство.
Қылмыстық схемаға қатысы бар барлық күдікті ұсталып, Алматы облыстық полиция департаментіне жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр.
Астанада 150 млн теңге қаржыны заңсыз иемденген интернет алаяқтар ұсталды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жүзден астам адамның 150 млн теңгесін ұрлаған интернет алаяқтары ұсталды
Жаңалықтар
0