Астанада 2,5 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды

© Pixabay / csamhaberБанкрот
Банкрот - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
Талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 11 227 адамды банкрот деп танудан бас тартылған
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Астанада 2,5 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. Бұл туралы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Нұрлан Таттыбаев мәлімдеді.
Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, қазіргі таңда Астана қаласында соттан тыс банкроттық рәсімі аясында 2 545 азамат банкрот деп танылды.
Талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 11 227 адамды банкрот деп танудан бас тартылған. Сонымен қатар 154 өтініш беруші өз арыздарын қайтарып алған, ал 298 өтінішті көрсетілетін қызметті беруші тоқтатқан. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам өтініш қаралып жатыр.
"Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері сирек қолданылуда: 764 өтініштің ішінде 86 азамат сот шешімімен банкрот деп танылса, 408-іне заң талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылған. Қалған істер қаралу сатысында немесе іс жүргізусіз қалдырылған", - деп жазылған хабарламада.
Спикердың айтуынша, заңның басты мақсаты – тек қана қарыздарды есептен шығару емес, сонымен қатар азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, кредиторлар қысымын төмендету және қарыздарға саналы көзқарасты қалыптастыру.
Портмоне, карты, монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Қазақстанда азаматтар үшін банкроттық рәсім оңайлатылды
Жаңалықтар
0