Қазақстанда азаматтар үшін банкроттық рәсім оңайлатылды

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, карты, монеты тенге
Портмоне, карты, монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Жазылу
Қазақстан азаматы өзін банкрот деп жариялағысы келсе, қарыздың нақты сомасын көрсетудің қажеті жоқ
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. 17,8 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов.
Қаржы министрлігінің өкілі банкроттық рәсіміндегі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Енді азамат несие берушімен мәселені өз бетімен шешпек болғанын құжатпен растаудың қажеті жоқ.
"Енді барлық қаржы ұйымы реттеу туралы ақпаратты кредит бюроларына жіберуге міндетті болады", - деді Сейілжан Ахметов.
Жыл басынан бері банкроттық рәсіміне 131 мыңнан астам өтініш түскен. Бірақ Мемлекеттік кірістер комитеті олардың тек 6,6 мыңын қарастырып жатыр. Ал 96 мыңын банкрот деп танудан бас тартылды. Оған мынандай себептер негіз болған:
төлемді кешіктіру мерзімінің 12 айдан аз болуы;
қаржы ұйымдарының тізімінде несие берушінің болмауы;
соттан тыс банкроттыққа ұшыраған;
мүліктің болуы;
1600 АЕК көлемінде қарыз шегінен асқан (2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге – 7,55 доллар).
17,8 мың азамат банкрот деп танылды, олардың төленбеген қарыздарының жалпы сомасы 54 млрд теңгені құрады.
Жаңалықтар
0