Сыртқы істер министрлігі Армениядағы жағдайға түсініктеме берді

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookЗдание министерства иностранных дел Казахстана в Астане
Здание министерства иностранных дел Казахстана в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2025
Жазылу
Арменияның Тергеу комитеті "Священная борьба" қозғалысын теракт дайындады деп айыптаған болатын
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Армениядағы жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі. Қазақстан Армениямен достық пен стратегиялық серіктестік рухында толыққанды ынтымақтастықты дамытып отыр", - деді ол.
Смадияров Қазақстан елдер арасында қалыптасқан өзара сенім атмосферасын бағалайтынын атап өтті.
"Армян халқына тыныштық пен амандық тілейміз", - деп түйіндеді ол.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Арменияның Тергеу комитеті "Священная борьба" қозғалысын теракт дайындады деп айыптады. Тергеу комитетінің мәлімдемесінде қозғалыс жетекшілері мен қатысушылары республикада лаңкестік әрекеттер жасап, билікті басып алуды жоспарлағаны айтылған. 24 маусымда Армения премьер-министрі Никол Пашинян "бұл процесс "алаяқтардың сәтсіз мемлекеттік төңкерісі" ретінде тарихта қалады" деп мәлімдеді.
Ираннан эвакуацияланған қазақстандықтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Ирандағы қазақстандықтарға тағы да үндеу жасады
Жаңалықтар
0