Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Ирандағы қазақстандықтарға тағы да үндеу жасады

© Photo : портал Report.azИраннан эвакуацияланған қазақстандықтар
Ираннан эвакуацияланған қазақстандықтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Жазылу
Ведомстводағылар ел азаматтарын Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға да шақырды
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісіп жатқанына байланысты сыртқы істер министрлігі осы елдердегі қазақстандықтарға тағы да үндеу жасады.
"Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығу қаупінің жоғары болуына байланысты Иран Ислам Республикасы мен Израиль Мемлекетінде жүрген Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, аталған елдердің билігі қабылдаған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Ведомстводағылар ел азаматтарын Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға да шақырды.
Министрлік аталған мемлекеттердің астаналарында (Тегеран және Тель-Авив қалаларында), сондай-ақ Горган мен Бандер-Аббас қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, отандастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлады.
Сыртқы істер министрлігімен және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктермен жедел байланыс телефондарын мына жерден білуге болады.
Тель-Авив, Израиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Иран мен Израильде қанша қазақстандық бар
Жаңалықтар
0