Шілдеде 12 өңірде құрғақшылық болады деп болжанып отыр
Архивтегі фото

Жазылу
Келесі айда қуаңшылық аймағы ұлғаяды
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылдың шілдесінде Қазақстанның 12 өңірінде құрғақшылық болады деп болжады.
Гидрометеорологиялық орталық мамандарының айтуынша шілде айында қуаңшылық аймағы ұлғаяды.
Алдын ала есептеу бойынша 2025 жылдың шілдесінде:
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
Атырау облысының Махамбет, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарында;
Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Ақтөбе облысының Шалқар және Ойыл аудандарында;
Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында;
Абай облысының Аягөз, Жарма және Үржар аудандарында;
Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
сондай-ақ Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде ауа райы бірқалыпты құрғақ болады.
Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп болжанып отыр.
Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.