"Балық жойылып, аң ауып кетті": саязданып қалған Іле өзенінің арнасы суға толды
16:36 22.02.2024 (жаңартылды: 16:57 22.02.2024)
© RIA Novosti Айдана Дайырова
Жазылу
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті күн сайын өзенге мониторинг жүргізіп жатыр
АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Кейінгі жылдары Іленің суы тартылып, саязданып қалған. Алайда биыл мұз қалың қатып, су деңгейі көтеріліп, жергілікті тұрғындарды қуантып отыр. Өзен жағасында орналасқан ауылдарға барған Sputnik Қазақстан тілшісі халықтың тыныс-тіршілігін біліп қайтты.
Көктем жетісулықтар үшін қолайлы мезгіл, өйткені Іле өзенінің арнасы суға толады.
Жетісу облысы Панфилов ауданы Дарбаза құм ауылының тұрғыны Еркін Жұманов 1957 жылдан бері осы аймақты мекендеп келеді. Айтуынша, аты аңызға айналған Іле жер бетінен біртіндеп жойылып барады.
© Sputnik / Айдана ДайыроваІле өзенінің арнасы суға толды
Іле өзенінің арнасы суға толды
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Бұл Іле өзені 1987 жылдан бері тартыла бастады. Сол жылы соңғы рет балық ауладық, содан азая бастады", - дейді Еркін Жұманов.
Іленің жағасы толған ауыл болатын, қазір әр жерде 2-3 үйден қалған.
© Sputnik / Айдана ДайыроваІле өзенінің арнасы суға толды
Іле өзенінің арнасы суға толды
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Жұрт Ілені Қытай бұрып алды дейді. Негізі олай емес, қуаңшылық пен құрғақшылықтың салдары. Таудан келетін судың өзі құрып барады, Ілеге су түспей қалды. Бұл өзен қырғыздан басталады. Қазір су тартылып, лайланғаны соншалық, жоғары жақтан неше түрлі лас заттар ағып келеді", - дейді Еркін аға.
Оның айтуынша, Іле ең таза, балығы дәмді өзендердің бірі болған. Су тартылғаннан кейін балық жоғалған, аң ауып кеткен.
"Іледен кезінде паром өтетін. Ол паромға 5-6 көлік сиятын. Ар жағы мен бер жағы 1 шақырымнан асатын. Қазір жүгіріп келіп сүңгісең арғы беттен шығасың. Орта тұсы ғана 3-4 метр терең. Әйтпесе тым таяз. Қуаңшылық жалғаса берсе, Іле мүлдем құрып кетуі мүмкін. Қазір паром тұрмақ өзеннің ортасына дейін кешіп баратын күйге жеттік", - дейді Еркін Жұманов.
Қазір Іленің арнасы суға толып барады. Өйткені былтырғыға қарағанда мұз қалың қатқан. Ілеге су толғанын аңсаған халық Іле тасыса да қайғырмаймыз дейді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваІле өзенінің арнасы суға толды
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Іле өзенінің арнасы суға толды
© Sputnik / Айдана ДайыроваІле өзенінің арнасы суға толды
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Іле өзенінің арнасы суға толды
© Sputnik / Айдана ДайыроваІле өзенінің арнасы суға толды
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Іле өзенінің арнасы суға толды
© Sputnik / Айдана ДайыроваІле өзенінің арнасы суға толды
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Іле өзенінің арнасы суға толды
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Іле өзенінің арнасы суға толды
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Іле өзенінің арнасы суға толды
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Іле өзенінің арнасы суға толды
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Іле өзенінің арнасы суға толды
Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті күн сайын өзенге мониторинг жүргізіп жатыр.
"22 ақпанда су деңгейі 477 см көтерілді, елді мекендерге қауіп жоқ. Іле өзеніне ең жақын елді мекен Шарын ауылы 15 км қашықтықта орналасқан.ТЖД жедел тобы ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы мұздың қатқанын анықтады. Су тасқыны байқалмайды. Елді мекендерге, құрылыстарға және шаруашылық құрылыстарға қауіп жоқ. Жағдай бақыланып, тәулік бойы мониторинг жасалып жатыр", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.