https://sputnik.kz/20250624/europalyq-qayta-quru-zhane-damu-bankinin-qazaqstanga-investitsiyasy-1-mlrd-euroga-zhuyqtady-55072923.html
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға инвестициясы 1 млрд еуроға жуықтады
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға инвестициясы 1 млрд еуроға жуықтады
Sputnik Қазақстан
Банк басшысы Одиль Рено-Бассо Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне жоғары баға берді 24.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-24T14:28+0500
2025-06-24T14:28+0500
2025-06-24T14:29+0500
президент
банк
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e9/06/18/55072336_65:0:1215:647_1920x0_80_0_0_eeb0846775a17fcb4552b88e916fe592.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы мен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде "жасыл экономика" бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді.Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын "Ақтөбе – Ұлғайсын" автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты.Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 миллиард еуроға жуықтағанын айтты. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
https://sputnik.kz/20250624/qazaqstan-ekonomikasy-6-protsentke-osti---toqaev-55069744.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/18/55072336_209:0:1072:647_1920x0_80_0_0_451d4b36317062dfaef30aca9c8df7f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, банк, инвестиция
президент, банк, инвестиция
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға инвестициясы 1 млрд еуроға жуықтады
14:28 24.06.2025 (жаңартылды: 14:29 24.06.2025) Банк басшысы Одиль Рено-Бассо Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне жоғары баға берді
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлады
Ақорда.
Мемлекет басшысы мен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.
Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде "жасыл экономика" бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.
Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын "Ақтөбе – Ұлғайсын" автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.
Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты.
Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 миллиард еуроға жуықтағанын айтты. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.