Азия даму банкі Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымының құрылысына қатысуы мүмкін

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуГЭС
ГЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Жазылу
Келесі айда халықаралық қаржы ұйымының сарапшылары бұл жобаларды жан-жақты талқылау үшін Қазақстанға келеді
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Геннадий Жуковпен кездесті, деп хабарлады министрліктегілер.
Тараптар халықаралық қаржы ұйымының Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконструкциялау жобаларына қатысу мүмкіндігін талқылады.
Қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі АДБ-ға әзірленіп жатқан жобалар тізімін ұсынды. Келесі айда халықаралық қаржы ұйымының сарапшылары бұл жобаларды жан-жақты талқылау үшін Қазақстанға келеді.
"Біз ұзақмерзімді әрі екі тарапқа да тиімді ынтымақтастыққа үміт артамыз. Министрлік су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту жобаларын әзірлеп жатыр. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін біз халықаралық қаржы институттарын кеңінен тартып жатырмыз және Су саласын дамыту жөніндегі әріптестердің үйлестіру кеңесі аясында белсенді жұмыс жүргізіп келеміз", – деді министрлік басшысы Нұржан Нұржігітов.
Сондай-ақ министр АДБ өңірлік басшылығымен "Мұздықтардан фермаларға" халықаралық бағдарламасы шеңберінде мұздықтарды сақтау және олардың еруіне тұрақтылықты күшейту, соның ішінде ирригациялық желілерді жаңғырту жөніндегі шараларды көздейтін ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Азия даму банкі "Қызылорда – Жезқазған" жолының құрылысына 300 млн доллар бөледі
Жаңалықтар
0