Азия даму банкі "Қызылорда – Жезқазған" жолының құрылысына 300 млн доллар бөледі

© Photo : АкордаТоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады
Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Жазылу
Азия даму банкі 30 жылдың ішінде Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Азия даму банкі жалпы құны 300 миллион доллардан асатын "Қызылорда – Жезқазған" автожолының құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы президенті Масацугу Асакава мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады.
Масацугу Асакава Азия даму банкі еліміздің экономикалық реформалары мен орнықты даму жолындағы табысын оң бағалады. Сонымен қатар банктің Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және инвестициялық ахуалды нығайту бағытындағы ірі жобаларға қатысуға дайын екенін растады.
© Photo : АкордаТоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады
Токаев принял главу АБР в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады
Масацугу Асакава Астанаға Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін келді.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтады.
Қазақстан президенті жаңа басым бағыттар бойынша бірлескен шараларды одан әрі жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Қазақстанда экономиканы ырықтандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы декарбонизациялау өзара іс-қимылдың перспективті салаларының бірі екеніне тоқталды.
Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, банк Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.
Жаңалықтар
0