Таяу Шығыстағы қақтығыс Қазақстан мен Иранның тауар айналымына қалай әсер етеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевПремьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
Жазылу
Қазақстан Иранға көбінесе азық-түлік өнімдерін тасымалдайды
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Таяу Шығыстағы қақтығыс Қазақстан мен Иранның тауар айналымына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан Иранға көбінесе азық-түлік өнімдерін тасымалдайды.
"Сондықтан қазіргі оқиғалар оған қатты әсер етпейді деп ойлаймын. Себебі халықты тамақтандыру қажет. Иран үлкен мемлекет қой. Біз бір мәселеге ғана алаңдап отырмыз. Ол – логистика. Оңтүстік баратын жалғыз темір жолы Иран арқылы өтеді", - деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Үкімет Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отыр.
"Әрине, тараптар бейбіт келісімге келеді деп сенеміз. Біз жағдайды жіті бақылып отырмыз", - деді Жұманғарин.
Айта кетері, жақында ғана Астанада Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Сол жерде Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ғоламреза Нури Гезелже Парсы шығанағы, Араб және Африка елдерінде қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары екенін мәлімдеді.
Аэропорт Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Таяу Шығыстағы қақтығыс: қазақстандық туристер Дубайдан Алматыға ұшып келді
Жаңалықтар
0