https://sputnik.kz/20250612/arab-zhane-afrika-elderinde-qazaqstandyq-tauarlarga-suranys-zhogary--iran-ministri-54597623.html
Араб және Африка елдерінде қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары – Иран министрі
Араб және Африка елдерінде қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары – Иран министрі
Sputnik Қазақстан
Иран Қазақстан үшін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы өңіріндегі негізгі әріптестердің бірі болып саналады 12.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-12T16:37+0500
2025-06-12T16:37+0500
2025-06-12T16:37+0500
иран
сауда
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964790_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ebbfcfd563798ed4fea042184d9cf6a6.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Астанада Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған екі елдің министрі төрағалық етті, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.Иран көпір бола аладыҚазақстан мен Иран басшылары өзара сауда көлемін 3 миллиард АҚШ долларға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын. Сауда және интеграция министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан алдағы айда 162,3 млн АҚШ доллар сомасына 60 тауар позициясының экспортын арттыруға дайын.Ал Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ғоламреза Нури Гезелже қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары екенін ерекше айтты."Біз Парсы шығанағы, Араб және Африка елдерінде қазақстандық ауылшаруашылық, тау-кен өнімдеріне жоғары сұраныстың барын білеміз. Сондықтан Қазақстан өнімдерін осы елдердің нарығына шығаруға көпір бола аламыз. Сондай-ақ, біз Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын құрау саласын дамытуға ниеттіміз", - деді ол.Маңғыстауға көп жүк келедіБүгінде Маңғыстау облысына азық-түліктің 85 проценті сырттан келеді. Соның ішінде Ираннан келетін тауарлар да аз емес. Мәселен, 2025 жылдың қаңтар – сәуір айларында Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы сыртқы сауда айналымы 15,5 млн АҚШ долларды құрады.Ал өткен жылы Ақтау және Иран теңіз порттары арасындағы жалпы жүк айналымы 349 мың тонна болған.Қазірдің өзінде Маңғыстау облысында Иран капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 77 кәсіпорын тіркелген.Негізгі әріптесИран Қазақстан үшін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы өңіріндегі негізгі әріптестердің бірі болып саналады. Ал Қазақстан арқылы Иран Орталық Азия мен Қытайға шыға алады.Былтыр Қазақстан мен Иранның тауар айналымы 340,1 млн АҚШ долларды құрады. Ал биыл төрт айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық 173,5 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 79,1 процентке артық.Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе астық пен май өнімдерін өзара жеткізуді арттыруға үлкен мән береді. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 220 млн АҚШ долларын құрады. Соған қарамастан, тараптар осы көрсеткішті 1 млрд долларға дейін жеткізуге мүдделі.
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964790_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2ebc8413b36c8bddb608bdd4333975ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран, сауда
Араб және Африка елдерінде қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары – Иран министрі
Иран Қазақстан үшін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы өңіріндегі негізгі әріптестердің бірі болып саналады
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Астанада Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған екі елдің министрі төрағалық етті, деп хабарлайды сауда және интеграция
министрлігі.
Қазақстан мен Иран басшылары өзара сауда көлемін 3 миллиард АҚШ долларға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын. Сауда және интеграция министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан алдағы айда 162,3 млн АҚШ доллар сомасына 60 тауар позициясының экспортын арттыруға дайын.
"Атап айтқанда, бұл дәнді дақылдар, оның ішінде арпа, жүгері, күнжара, күнбағыс майы, ет өнімдері, шырындар, кондитерлік өнімдер", - дейді Шаққалиев.
Ал Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ғоламреза Нури Гезелже қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары екенін ерекше айтты.
"Біз Парсы шығанағы, Араб және Африка елдерінде қазақстандық ауылшаруашылық, тау-кен өнімдеріне жоғары сұраныстың барын білеміз. Сондықтан Қазақстан өнімдерін осы елдердің нарығына шығаруға көпір бола аламыз. Сондай-ақ, біз Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын құрау саласын дамытуға ниеттіміз", - деді ол.
Маңғыстауға көп жүк келеді
Бүгінде Маңғыстау облысына азық-түліктің 85 проценті сырттан келеді. Соның ішінде Ираннан келетін тауарлар да аз емес. Мәселен, 2025 жылдың қаңтар – сәуір айларында Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы сыртқы сауда айналымы 15,5 млн АҚШ долларды құрады.
Ал өткен жылы Ақтау және Иран теңіз порттары арасындағы жалпы жүк айналымы 349 мың тонна болған.
Қазірдің өзінде Маңғыстау облысында Иран капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 77 кәсіпорын тіркелген.
Иран Қазақстан үшін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы өңіріндегі негізгі әріптестердің бірі болып саналады. Ал Қазақстан арқылы Иран Орталық Азия мен Қытайға шыға алады.
Былтыр Қазақстан мен Иранның тауар айналымы 340,1 млн АҚШ долларды құрады. Ал биыл төрт айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық 173,5 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 79,1 процентке артық.
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе астық пен май өнімдерін өзара жеткізуді арттыруға үлкен мән береді. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 220 млн АҚШ долларын құрады. Соған қарамастан, тараптар осы көрсеткішті 1 млрд долларға дейін жеткізуге мүдделі.