Қостанайда көңілдесінің кәмелетке толмаған баласын өлтірген тұрғын сотталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoҚостанайда көңілдесінің кәмелетке толмаған баласын өлтірген тұрғын сотталды
Қостанайда көңілдесінің кәмелетке толмаған баласын өлтірген тұрғын сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
Жазылу
Сотталушы ұйықтап жатқан жәбірленушіге әртүрлі дене жарақаттарын салып, кейін оны тұншықтырған
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қостанайда дәрменсіз күйдегі жасөспірімді ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
2025 жылы қаңтарда бұрын сотты болған тұрғыны мас күйінде, азаматтық некедегі жұбайымен болған жанжалдан кейін оның кәмелетке толмаған 2008 жылғы ұлын ерекше қатыгездікпен өлтірген.
Сотталушы ұйықтап жатқан жәбірленушіге әртүрлі дене жарақаттарын салып, кейін оны тұншықтырған.
Ауыр дене жарақаттарының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.
"Сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сотталушыға ерекше қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, оның алғашқы 5 жылын толық қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді", - дейді Қостанай ауданаралық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Алматы облысында адам өлтірген қаскөйлер ұзақ мерзімге сотталды
Жаңалықтар
0