https://sputnik.kz/20250426/almaty-oblysynda-adam-oltirgen-qaskoyler-uzaq-merzimge-sottaldy-52869927.html
Алматы облысында адам өлтірген қаскөйлер ұзақ мерзімге сотталды
Алматы облысында адам өлтірген қаскөйлер ұзақ мерзімге сотталды
Sputnik Қазақстан
Сот екеуін 19 жылға, ал қалғанын 17 жылға бас бостандығынан айырды 26.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-26T09:00+0500
2025-04-26T09:00+0500
2025-04-26T09:00+0500
алматы облысы
сот
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы облысында сот қасақана адам өлтірген 6 сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылғы маусымда Қонаев қаласындағы "Алекс" демалыс орнында екі сотталушы мен жәбірленуші арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқанын анықтады.Сот барлық сотталушыны кінәлі деп танып, екеуін 19 жылға, ал қалғанын 17 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сотталушылардың бірі жалған айғақ бергені үшін кінәлі деп танылып, екі жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді."Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушылардың бұрын сотты болмағанын және кәмелетке толмаған балалары барын жеңілдететін мән-жай ретінде, ал атыс қаруын қолдануын ауырлататын мән-жай ретінде ескерді", - деп жазылған хабарламада.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, сот
Алматы облысында адам өлтірген қаскөйлер ұзақ мерзімге сотталды
Сот екеуін 19 жылға, ал қалғанын 17 жылға бас бостандығынан айырды
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы облысында сот қасақана адам өлтірген 6 сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылғы маусымда Қонаев қаласындағы "Алекс" демалыс орнында екі сотталушы мен жәбірленуші арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқанын анықтады.
"Жәбірленуші басым түсіп, осыдан кейін сотталушылар оны өлтіруді көздеген. Олар қылмысты жүзеге асыру үшін тағы төрт адамды тартқан. Сол кеште Қонаев көшесіндегі ХҚКО маңында олар жәбірленушіге бірнеше рет оқ атқан, кейін ол ауруханаға барар жолда көз жұмды. Оның досы жарақат алып, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалды", - деп хабарлады Алматы облыстық соты.
Сот барлық сотталушыны кінәлі деп танып, екеуін 19 жылға, ал қалғанын 17 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сотталушылардың бірі жалған айғақ бергені үшін кінәлі деп танылып, екі жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
"Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушылардың бұрын сотты болмағанын және кәмелетке толмаған балалары барын жеңілдететін мән-жай ретінде, ал атыс қаруын қолдануын ауырлататын мән-жай ретінде ескерді", - деп жазылған хабарламада.