Мердігерлерден 2-3 ауысымда жұмыс жүргізілуін талап етіңіздер - облыс әкімі

© Photo : Акимат Абайской областиБерік Уәли
Берік Уәли - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
Жазылу
Облыста 34 заңсыз көп қабатты тұрғын үй тіркеліп, оның 12-сі бойынша сот шешімі шыққан
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Абай облысының әкімі заңсыз құрылыс нысандарының салынуына жол бермеуді тапсырды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Кеңейтілген аппараттық кеңесте Берік Уәлиге облыстағы заңсыз құрылыс нысандары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Жиында Аягөз, Үржар, Бесқарағай және Мақаншы аудандарындағы сапасыз салынған тұрғын үйлер мәселесі туралы да айтылды. Аймақ басшысы аталған аудандардың әкімдеріне анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Берік Уәли облыс аумағында бірде-бір заңсыз нысанға жол бермеу керектігін ескертіп, жауапты басқарма басшыларына жұмыс сапасы мен мерзімін бақылауды тапсырды.

"Жеке бақылауға алыңыздар. Біздің облыста құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімі шектеулі. Мердігерлерге жағдай жасаудың орнына, олардан қажет болса 2 - 3 ауысымда жұмыс жүргізілуін талап етіңіздер. Биыл облыста басталатын құрылыс нысандары көп. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс қарқынын ширату керек", - деді облыс әкімі.

Камералдық бақылау барысында облыста 34 заңсыз көп қабатты тұрғын үй тіркеліп, оның 12-сі бойынша сот шешімі шыққан. 15-іне тиісті нұсқама берілген.
Бұл үйлерден 547 отбасы баспана сатып алған. Облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған ведомствоаралық комиссияның нәтижесінде 310 отбасы заңды мәртебеге ие болып, баспаналарын рәсімдеуге мүмкіндік алды.
Берік Уәли - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Берік Уәли ауылдарда салынған медициналық нысандардың сапасын сынға алды
Жаңалықтар
0