Берік Уәли ауылдарда салынған медициналық нысандардың сапасын сынға алды

© Photo : Акимат Абайской областиБерік Уәли
Берік Уәли - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары әр екі апта сайын құрылыс барысы бойынша арнайы жиналыс өткізеді
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли кеңейтілген аппарат жиынында ауылдарда салынған медициналық нысандардың сапасын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Медициналық нысандардағы атқарылмаған ішкі, сыртқы жұмыстар толық қалпына келтірілсін. Салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары әр екі апта сайын құрылыс барысы бойынша арнайы жиналыс өткізіп, жағдайды тұрақты қадағалауда ұстауға тиіс. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады", - деді аймақ басшысы.
Жиында сондай-ақ өңірдің тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, инвестиция тарту, көлік қызметтері, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында, тұрғын үйді пайдалануға беруде көрсеткіштердің төмендегені аталып өтті. Инвестиция көлемі бойынша Семей қаласы мен 5 ауданда тоқсандық жоспар толық деңгейде орындалмаған.
Қаржы басқармасының мәліметінше, облыстың 2025 жылға арналған бюджетінің кірістер жоспары 441 606,8 млн теңгені құрайды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жалпы бюджет жоспарға сай игеріліп келеді. Меншікті кірістер артығымен орындалған.
Абай облысы өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар арасында бюджет шығыстарының орындалуы бойынша 3-орынға тұрақтаған.
Жаңалықтар
0