https://sputnik.kz/20250623/koppaterdi-uylerdi-basqaru-tartibine-ozgeris-engiziledi---zan-qabyldandy-55030172.html
Көппәтерді үйлерді басқару тәртібіне өзгеріс енгізіледі - заң қабылданды
Көппәтерді үйлерді басқару тәртібіне өзгеріс енгізіледі - заң қабылданды
Sputnik Қазақстан
Жаңа үй салған құрылыс компаниясы уақытша басқарушы компанияны екі жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады 23.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-23T12:34+0500
2025-06-23T12:34+0500
2025-06-23T12:34+0500
пәтер
сенат
https://sputnik.kz/img/776/28/7762873_0:211:4000:2461_1920x0_80_0_0_b4b8a9d44d0ae74bcb45c57e79da5f90.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары тұрғын үйлерді басқаруға қатысты заңды мақұлдады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заңға сәйкес, кондоминиум объектісін басқарудың екі формасы ғана қалады. Олар: мүлік иелерінің бірлестігі және тікелей бірлескен басқару. Сосын тұрғын үйді басқарудың екі түрі - басқарушы компания және пәтер иелерінің кооперативі сақталады.Ал жаңа үй салған құрылыс компаниясы уақытша басқарушы компанияны екі жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады.Бұдан бөлек, заңда мүлік иелері бірлестігі төрағасының өкілеттік мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылады. Сондай-ақ, төрағаға мүлікті басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыру құқығы беріледі.Тұрғындардың жиналыстарын өткізу тәртібіне де өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, жазбаша сауалнама жүргізу немесе мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы электрондық дауыс беру арқылы сырттай форматтағы мүмкіндік болады.Жергілікті мәслихаттар көппәтерлі тұрғын үйлердің пайдалану шығыстарына жарналардың ең аз мөлшерін айлық есептік көрсеткішпер есептеу жүйесін енгізе алады. Ал тұрғын үй инспекциясының құзыретін кеңейтіледі.Айта кетері, бүгін сенат заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
https://sputnik.kz/20250623/senat-salyq-kodeksin-mazhiliske-qaytardy-55029087.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/776/28/7762873_220:0:3780:2670_1920x0_80_0_0_3fcc5678e187d210aa20be951a04e189.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер, сенат
Көппәтерді үйлерді басқару тәртібіне өзгеріс енгізіледі - заң қабылданды
Жаңа үй салған құрылыс компаниясы уақытша басқарушы компанияны екі жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары тұрғын үйлерді басқаруға қатысты заңды мақұлдады , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңға сәйкес, кондоминиум объектісін басқарудың екі формасы ғана қалады. Олар: мүлік иелерінің бірлестігі және тікелей бірлескен басқару. Сосын тұрғын үйді басқарудың екі түрі - басқарушы компания және пәтер иелерінің кооперативі сақталады.
"Көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін тиісті жағдайда ұстау мақсатында заңда басқарушы компанияның уақытша басқаруды жүзеге асыра алатыны көзделеді. Уақытша басқару тұрғын үй иелері мүлік иелерінің бірлестігін құрмаған немесе басқару субъектісін таңдау туралы шешім қабылдамаған жағдайларда қолданылады", - дейді депутаттар.
Ал жаңа үй салған құрылыс компаниясы уақытша басқарушы компанияны екі жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады.
Бұдан бөлек, заңда мүлік иелері бірлестігі төрағасының өкілеттік мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылады. Сондай-ақ, төрағаға мүлікті басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыру құқығы беріледі.
Тұрғындардың жиналыстарын өткізу тәртібіне де өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, жазбаша сауалнама жүргізу немесе мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы электрондық дауыс беру арқылы сырттай форматтағы мүмкіндік болады.
Жергілікті мәслихаттар көппәтерлі тұрғын үйлердің пайдалану шығыстарына жарналардың ең аз мөлшерін айлық есептік көрсеткішпер есептеу жүйесін енгізе алады. Ал тұрғын үй инспекциясының құзыретін кеңейтіледі.
Айта кетері, бүгін сенат заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.