Франция мамандары Балқаш көлін сақтауға бағытталған зерттеулерге қатысты

© Sputnik /Камшат АбдирайымАлакөл Балқаш
Алакөл Балқаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
Жазылу
Зерттеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптарға ұсыныстар қамтылған талдамалық есеп дайындалады
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысының Балқаш ауданында кең ауқымды далалық экспедиция өтті, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Экспедицияны министрлік Француз ғылыми консорциумы, еліміздің ғылыми ұйымдары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды.
Мамандар Бояулы, Береке, Бақанас, Бақбақты және Бірлік ауылдық округтеріндегі суару жүйелерін аралап көрді. Тексеру барысында ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамту, каналдардың техникалық жай-күйі, инфрақұрылымды жаңарту қажеттілігі және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.
Экспедиция қатысушылары Алматы облысының негізгі су айдындарын, оның ішінде Қапшағай су қоймасын, Іле өзенінің сағасын, мелиорациялық және артезиан ұңғымаларын және Сорбұлақ көлін аралады.
"Француз сарапшыларымен бірлесіп іске асырылып жатқан бұл жоба 2040 жылға дейінгі болжаммен Балқаш көлін сақтау бойынша жоспар әзірлеуге бағытталған. Жүргізіліп жатқан зерттеулер Қазақстан мен Франция арасындағы экология, су пайдалану және ғылыми алмасу саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам", – деді министрліктің су саясаты департаменті директорының орынбасары Марат Иманалиев.
Зерттеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптарға ұсыныстар қамтылған талдамалық есеп дайындалады.
Завершена реконструкция республиканской автодороги Караганда-Балхаш  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2025
Балқаш көліне апаратын тағы бір жолдың қашан ашылатыны белгілі болды
Жаңалықтар
0