https://sputnik.kz/20250623/euraziya-zhuregine-sayakhat-ekspeditsiyasy-batys-qazaqstanga-zhetti-55023372.html
"Еуразия жүрегіне саяхат" экспедициясы Батыс Қазақстанға жетті
"Еуразия жүрегіне саяхат" экспедициясы Батыс Қазақстанға жетті
Sputnik Қазақстан
Бұл Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің пікірлестерін біріктірген халықаралық жоба 23.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-23T09:07+0500
2025-06-23T09:07+0500
2025-06-23T09:13+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/06/17/55020154_0:1:1280:721_1920x0_80_0_0_0b04acebad6035de10ff7017832dd4a2.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясы Қазақстан аумағында жалғасып жатыр.Экспедиция Ресейдің бірнеше облысын аралап, қазір батыс облыстары арқылы Қазақстанға жетті.Оралдағы Ресей бас консулдығы қазақстандықтардың саяхатшыларды жылы лебізбен қарсы алғанын хабарлады. Экспедицияның Қазақстандағы кезеңінің ашылу салтанатына Ресейдің Оралдағы бас консулы Алексей Грубый қатысты.Күндізгі бағдарламадан кейін қатысушыларға ипподромда дәстүрлі "Көкпар" ойыны көрсетілді. Қонақтар садақшылардың өнерлерімен және ат жарысының басқа түрлерімен танысты.Одан кейін халықтар арасындағы байланыстың өсуі мен нығаюын бейнелейтін "Номад ауылы" этноауылында ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылды. Қонақтар үшін киіз үйде дастархан жайылды."Еуразия жүрегіне саяхат" – Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің пікірлестерін біріктірген халықаралық жоба. 50 күн ішінде экспедицияға қатысушылар бес ел мен 30-дан астам қаланы аралайды. Әр қалада бизнес-форумдар, ғылыми сессиялар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған.Жобаның мақсаты – жаңа байланыстарды қалыптастыру, ортақ тарихи-мәдени кеңістікті нығайту және Орталық Азияда тұрақты ынтымақтастық алаңын құру.
https://sputnik.kz/20250621/euraziya-zhuregine-sayakhat-espeditsiyasy-qazaqstanga-zhetti-54969606.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/17/55020154_302:0:1263:721_1920x0_80_0_0_7dcc42a479dfe826ca4f995237637c04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
"Еуразия жүрегіне саяхат" экспедициясы Батыс Қазақстанға жетті
09:07 23.06.2025 (жаңартылды: 09:13 23.06.2025) Бұл Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің пікірлестерін біріктірген халықаралық жоба
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясы Қазақстан аумағында жалғасып жатыр.
Экспедиция Ресейдің бірнеше облысын аралап, қазір батыс облыстары арқылы Қазақстанға жетті.
Оралдағы Ресей бас консулдығы қазақстандықтардың саяхатшыларды жылы лебізбен қарсы алғанын хабарлады. Экспедицияның Қазақстандағы кезеңінің ашылу салтанатына Ресейдің Оралдағы бас консулы Алексей Грубый қатысты.
"Саяхатшылар үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Ақтөбе облысының 17 этномәдени бірлестігінің шығармашылық топтарының қатысуымен концерт, өңірде тұратын халықтардың тарихы мен салт-дәстүріне арналған көрме ұйымдастырылды", - деп хабарлады Бас консулдықтағылар.
Күндізгі бағдарламадан кейін қатысушыларға ипподромда дәстүрлі "Көкпар" ойыны көрсетілді. Қонақтар садақшылардың өнерлерімен және ат жарысының басқа түрлерімен танысты.
Одан кейін халықтар арасындағы байланыстың өсуі мен нығаюын бейнелейтін "Номад ауылы" этноауылында ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылды. Қонақтар үшін киіз үйде дастархан жайылды.
"Еуразия жүрегіне саяхат" – Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің пікірлестерін біріктірген халықаралық жоба. 50 күн ішінде экспедицияға қатысушылар бес ел мен 30-дан астам қаланы аралайды. Әр қалада бизнес-форумдар, ғылыми сессиялар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған.
Жобаның мақсаты – жаңа байланыстарды қалыптастыру, ортақ тарихи-мәдени кеңістікті нығайту және Орталық Азияда тұрақты ынтымақтастық алаңын құру.