https://sputnik.kz/20250621/euraziya-zhuregine-sayakhat-espeditsiyasy-qazaqstanga-zhetti-54969606.html
"Еуразия жүрегіне саяхат" эспедициясы Қазақстанға жетті
"Еуразия жүрегіне саяхат" эспедициясы Қазақстанға жетті
Sputnik Қазақстан
Экспедицияның Қазақстандағы алғашқы бағыты - Ақтөбе 21.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-21T14:29+0500
2025-06-21T14:29+0500
2025-06-21T14:29+0500
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/06/15/54967643_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_b6c8bb3160c4d204c791ae22bd82342a.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мәскеуде 9 маусымда басталған "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық автоэкспедициясына қатысушылар Қазақстан бойынша саяхатын бастады.Команда Ресейдің бірқатар аймақтарында, атап айтқанда, Владимир және Нижний Новгород облыстарында, Чувашияда, Татарстанда, Башқұртстанда және Орынбор облысында болды.Ресей-Қазақстан шекарасындағы "Жайсаң" бақылау-өткізу бекетінде қонақтарды ұлттық тағамдар – бауырсақпен және қымызбен қарсы алды.Ақтөбеде 20 маусымда Ресейдің Оралдағы Бас консулы Алексей Грубыйдың және Ақтөбе облысы әкімдігінің қатысуымен экспедицияның қазақстандық кезеңі салтанатты түрде ашылды. Саяхатшылар үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында 17 этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өткізілді, өңірде тұратын халықтардың тарихы мен салт-дәстүріне арналған көрме ұйымдастырылды.Жобаға қатысушылар заманауи электронды коммерция құралдарына назар аудара отырып, кәсіпкерлерді онлайн сауда алаңдарымен жұмыс істеуге үйрететін семинар өткізді. Экспедицияның ресейлік кезеңі барысында саяхатшылар Башқұртстан Республикасының Туризмді дамыту орталығы мен Visit Aktobe туристік ақпараттық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.Бағдарламаның мәдени бөлімінде экспедицияға қатысушылар қалалық ипподромдағы ат жарысы мен қазақтың дәстүрлі көкпар ойынын тамашалады, пантотерапиядан өтті, Қасқыр сарқырамасына барды, сондай-ақ төзімділігімен танымал Мұғалжар жылқыларымен танысты.Саяхатшылардың бағыты Ақтөбеден кейін Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы және Орталық Азиядағы көршілес елдердің қалалары арқылы өтеді. Экспедиция 22 шілдеде Душанбеде аяқталады, онда Орталық Азияның бірінші халықаралық экономикалық форумы өтеді."Еуразия жүрегіне саяхат" Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген ғалымдарды, зерттеушілерді, саяхатшыларды, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін біріктірді. Жобаның мақсаты – Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы іскерлік және ғылыми-гуманитарлық байланыстарды ілгерілету, облыс қалалары арасындағы достық және бауырлас қала байланыстарын нығайту.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/15/54967643_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_561ed4bc9f3a4ccd4160b75a120c7899.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
"Еуразия жүрегіне саяхат" эспедициясы Қазақстанға жетті
Экспедицияның Қазақстандағы алғашқы бағыты - Ақтөбе
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мәскеуде 9 маусымда басталған "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық автоэкспедициясына қатысушылар Қазақстан бойынша саяхатын бастады.
Команда Ресейдің бірқатар аймақтарында, атап айтқанда, Владимир және Нижний Новгород облыстарында, Чувашияда, Татарстанда, Башқұртстанда және Орынбор облысында болды.
Ресей-Қазақстан шекарасындағы "Жайсаң" бақылау-өткізу бекетінде қонақтарды ұлттық тағамдар – бауырсақпен және қымызбен қарсы алды.
Ақтөбеде 20 маусымда Ресейдің Оралдағы Бас консулы Алексей Грубыйдың және Ақтөбе облысы әкімдігінің қатысуымен экспедицияның қазақстандық кезеңі салтанатты түрде ашылды. Саяхатшылар үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында 17 этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өткізілді, өңірде тұратын халықтардың тарихы мен салт-дәстүріне арналған көрме ұйымдастырылды.
Жобаға қатысушылар заманауи электронды коммерция құралдарына назар аудара отырып, кәсіпкерлерді онлайн сауда алаңдарымен жұмыс істеуге үйрететін семинар өткізді. Экспедицияның ресейлік кезеңі барысында саяхатшылар Башқұртстан Республикасының Туризмді дамыту орталығы мен Visit Aktobe туристік ақпараттық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Бағдарламаның мәдени бөлімінде экспедицияға қатысушылар қалалық ипподромдағы ат жарысы мен қазақтың дәстүрлі көкпар ойынын тамашалады, пантотерапиядан өтті, Қасқыр сарқырамасына барды, сондай-ақ төзімділігімен танымал Мұғалжар жылқыларымен танысты.
"Біздің экспедиция гуманитарлық, іскерлік және білім беру салаларындағы достық ынтымақтастықты дамытады. Ақтөбе экспедицияға қатысушылар үшін нағыз жаңалық болды. Ыстық ықылас, бай мәдени бағдарлама және табиғаттың әсемдігі бізді таң қалдырды. Дәл осындай кездесулер болашақ халықаралық жобалардың негізін қалайды", – деп атап өтті халықаралық экспедицияны ұйымдастыру комитеті басшысының орынбасары
Саяхатшылардың бағыты Ақтөбеден кейін Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы және Орталық Азиядағы көршілес елдердің қалалары арқылы өтеді. Экспедиция 22 шілдеде Душанбеде аяқталады, онда Орталық Азияның бірінші халықаралық экономикалық форумы өтеді.
"Еуразия жүрегіне саяхат" Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген ғалымдарды, зерттеушілерді, саяхатшыларды, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін біріктірді. Жобаның мақсаты – Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы іскерлік және ғылыми-гуманитарлық байланыстарды ілгерілету, облыс қалалары арасындағы достық және бауырлас қала байланыстарын нығайту.