https://sputnik.kz/20250623/ataq-basshylarga-gana-buyyrady-toqaev-qarapayym-qyzmetker-enbegin-bagalaudy-tapsyrdy----55048080.html
"Атақ басшыларға ғана бұйырады": Тоқаев қарапайым қызметкер еңбегін бағалауды тапсырды
"Атақ басшыларға ғана бұйырады": Тоқаев қарапайым қызметкер еңбегін бағалауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша қатардағы қарапайым қызметкерлер арасында ұзақ жылдар бойы кәсіби борышын адал атқарып жүрген лайықты кандидаттар жеткілікті 23.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-23T19:32+0500
2025-06-23T19:32+0500
2025-06-23T19:32+0500
қасым-жомарт тоқаев
атақ
https://sputnik.kz/img/07e9/06/17/55048338_0:52:1280:772_1920x0_80_0_0_8cd32757ba4a84b2874d91cfb3e54df5.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін қарапайым қызметкерлердің адал еңбегін бағалауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгінде құқық қорғау органдарында үздіксіз әрі мінсіз қызмет атқарғандарға "Құрметті қызметкер" атағы беріледі. Осы орайда президент құқық қорғау органдарының кадрлық құрамын цифрлық бағалау жүйесі енгізілгенін де еске салды. Осы жүйе дербес рейтинг қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі отырыстан кейін мемлекет басшысы бірқатар адамды марпаттады. Мәселен, суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп ерлікпен қаза тапқан Атырау қаласының жол-патруль полициясы батальонының қызметкері Шалқар Ақымғалиев III дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды. Орден оның анасына табысталды. Бұдан бөлек, Жамбыл облысындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан полициядағы құрметті әулеттердің бірі – Зайнулиндер отбасына алғыс жарияланды. 500-ден аса күрделі істі ашқан Алматы қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция майоры Жанна Шешмухановаға да президенттің алғысы тапсырылды.
https://sputnik.kz/20250623/uchaskelik-inspektorlardyn-aleuetin-nygaytu-qazhet---toqaev-55043376.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/17/55048338_92:0:1189:823_1920x0_80_0_0_4f9a5a07c1a0b2179bf01b365fbcc58b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, атақ
қасым-жомарт тоқаев, атақ
"Атақ басшыларға ғана бұйырады": Тоқаев қарапайым қызметкер еңбегін бағалауды тапсырды
Оның айтуынша қатардағы қарапайым қызметкерлер арасында ұзақ жылдар бойы кәсіби борышын адал атқарып жүрген лайықты кандидаттар жеткілікті
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін қарапайым қызметкерлердің адал еңбегін бағалауды тапсырды, деп
хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде құқық қорғау органдарында үздіксіз әрі мінсіз қызмет атқарғандарға "Құрметті қызметкер" атағы беріледі.
"Алайда кейбір құрылымдарда бұл жоғары атақ басшыларға ғана бұйырады. Қатардағы қарапайым қызметкерлер арасында ұзақ жылдар бойы кәсіби борышын адал атқарып жүрген лайықты кандидаттар жеткілікті. Қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырып, моральдық рухын күшейту маңызды", - деді Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында.
Осы орайда президент құқық қорғау органдарының кадрлық құрамын цифрлық бағалау жүйесі енгізілгенін де еске салды. Осы жүйе дербес рейтинг қалыптастыруға мүмкіндік берді.
"Құқық қорғау органдарының басшыларына қызметкердің лауазымын жоғарылатқанда және көтермелегенде цифрлық бағалауға сүйенуді тапсырамын. Тағайындаулар біреуге бүйрегі бұратын субъективті шешімге емес, лайықты еңбекке, нақты көрсеткіштер мен кәсіби жетістіктерге негізделуге тиіс. Әйтсе де, Ли Куан Ю айтқандай, ішкі түйсікке де иек артқан жөн. Әрбір офицер адал қызметінің лайықты бағаланатынына сенімді болуы керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Бүгінгі отырыстан кейін мемлекет басшысы бірқатар адамды марпаттады. Мәселен, суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп ерлікпен қаза тапқан Атырау қаласының жол-патруль полициясы батальонының қызметкері Шалқар Ақымғалиев III дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды. Орден оның анасына табысталды.
Бұдан бөлек, Жамбыл облысындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан полициядағы құрметті әулеттердің бірі – Зайнулиндер отбасына алғыс жарияланды. 500-ден аса күрделі істі ашқан Алматы қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция майоры Жанна Шешмухановаға да президенттің алғысы тапсырылды.