https://sputnik.kz/20250623/uchaskelik-inspektorlardyn-aleuetin-nygaytu-qazhet---toqaev-55043376.html
Ауылдағы учаскелік инспекторлар шен алған кезде, жеңілдік жасалу керек - Тоқаев
Ауылдағы учаскелік инспекторлар шен алған кезде, жеңілдік жасалу керек - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Өйткені, жергілікті тұрғындар үшін учаскелік инспектор – қорғаушы, құқықтық кеңесші, тіпті, әділдік сұрап жүгінетін соңғы инстанция 23.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-23T17:00+0500
2025-06-23T17:00+0500
2025-06-23T17:06+0500
қасым-жомарт тоқаев
инспектор
https://sputnik.kz/img/07e9/06/17/55044174_0:43:1281:763_1920x0_80_0_0_8295bdd569923c667d0b628ec6986494.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысына сервистік модель қағидаттарын кеңінен енгізіп, кадрлық әлеуетін күшейту қажеттігін айтты.Президент учаскелік инспекторлардың әлеуетін одан әрі нығайту қажет деді. Оның айтуынша олар іс жүзінде мемлекет мен қоғам арасындағы басты дәнекер саналады. Әсіресе, бұл ауылдық жерде анық байқалады. Өйткені жергілікті тұрғындар үшін учаскелік инспектор – қорғаушы, құқықтық кеңесші, тіпті, әділдік сұрап жүгінетін соңғы инстанция. Учаскелік полицияны жаңғыртумен қатар патрульдік бекеттер қызметінің жұмысын қайта қарау қажет. Патруль қызметкерлері азаматтармен жұмыс барысында әдеп сақтап, кәсібилік танытқаны жөн. Өз кезегінде азаматтар да полицияның заңды талабына бағынуға міндетті.
https://sputnik.kz/20250623/toqaev-qanday-qylmystardyn-azayganyn-aytty--55042410.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/17/55044174_102:0:1177:806_1920x0_80_0_0_fc82627c202583d745c61c7355c6f792.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, инспектор
қасым-жомарт тоқаев, инспектор
Ауылдағы учаскелік инспекторлар шен алған кезде, жеңілдік жасалу керек - Тоқаев
17:00 23.06.2025 (жаңартылды: 17:06 23.06.2025) Өйткені, жергілікті тұрғындар үшін учаскелік инспектор – қорғаушы, құқықтық кеңесші, тіпті, әділдік сұрап жүгінетін соңғы инстанция
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысына сервистік модель қағидаттарын кеңінен енгізіп, кадрлық әлеуетін күшейту қажеттігін айтты.
Президент учаскелік инспекторлардың әлеуетін одан әрі нығайту қажет деді. Оның айтуынша олар іс жүзінде мемлекет мен қоғам арасындағы басты дәнекер саналады. Әсіресе, бұл ауылдық жерде анық байқалады. Өйткені жергілікті тұрғындар үшін учаскелік инспектор – қорғаушы, құқықтық кеңесші, тіпті, әділдік сұрап жүгінетін соңғы инстанция.
"Менің ойымша, ауылдағы учаскелік инспекторларға шен берген кезде жеңілдік жасап, яғни бір жылдық еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеу қажет. Ауылдағы учаскелік инспекторларды баспанамен қамтып, материалдық-техникалық базасын нығайту керек. Өңір әкімдері осы мәселеге мұқият назар аударғаны дұрыс", - деді Тоқаев.
Учаскелік полицияны жаңғыртумен қатар патрульдік бекеттер қызметінің жұмысын қайта қарау қажет. Патруль қызметкерлері азаматтармен жұмыс барысында әдеп сақтап, кәсібилік танытқаны жөн. Өз кезегінде азаматтар да полицияның заңды талабына бағынуға міндетті.
"Полиция мен басқа да құрылымдар билік және қоғам арасын байланыстыратын алтын көпір болуға тиіс. Ол үшін "Мемлекет пен азамат – біртұтас" деген іргелі қағидатымызға толық сай келетін халықпен қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыру керек. Бұл бағытта ілгерілеу бар. Бірақ қабылданған шаралар әлі тиімділігін көрсетпеді, өйткені бірізділік жоқ. Халықпен тікелей жұмыс істеуге кедергі келтіретін басы артық бюрократиядан арылу керек", - деді Тоқаев.