https://sputnik.kz/20250623/8-sausaqpen-tuylgan-almatyda-qazaqstandyq-birneshe-balaga-kurdeli-ota-zhasaldy-55047474.html
8 саусақпен туылған: Алматыда қазақстандық бірнеше балаға күрделі ота жасалды
8 саусақпен туылған: Алматыда қазақстандық бірнеше балаға күрделі ота жасалды
Sputnik Қазақстан
Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирургтың жетекшілігімен 8 ота жасалды 23.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-23T18:55+0500
2025-06-23T18:55+0500
2025-06-23T20:39+0500
ота
алматы
дәрігер
хирург
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53143921_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3dbb8c16781d0214496b2f4e8d449965.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Алматыда №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында аяқ-қолдың туабітті және жүре пайда болған кемістіктерінің зардабын тартып келе жатқан балаларға реконструктивтік оталар жасалды. Пациенттердің ең кішісі 1 жаста. Бала 8 саусақпен туылған. Полифалангия деп аталатын кемістік салдарынан, артық саусақтар баланың ойыншық ұстап, алақанын ашып-жұмуға кедергі келтіріп келген.Бүгінгі шара барысында дәрігерлер отаны шеберлікпен орындап, сәбиге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлады."Милосердие" еріктілер қоғамы" және "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорларының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық шеберлік класына еліміздің түпкір-түпкіріндегі клиникаларда ортопедия-травматология, микрохирургия салаларында еңбек ететін дәрігерлер қатысты.Күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалды. "Шеберлік класын жәй ғана тәжірибе алмасу деп қарастыруға болмайды. Себебі біз қазақстандық әріптестермен бірге балалардың болашақта емін-еркін қимылдап, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасадық", - деді хирург Сергей Голяна.
https://sputnik.kz/20250504/astanada-darigerler-ush-aylyq-sabidin-miyna-kurdeli-ota-zhasady-53144083.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53143921_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0a4d6dd0db74cf20ea9189713bedde86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ота, алматы, дәрігер, хирург
ота, алматы, дәрігер, хирург
8 саусақпен туылған: Алматыда қазақстандық бірнеше балаға күрделі ота жасалды
18:55 23.06.2025 (жаңартылды: 20:39 23.06.2025) Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирургтың жетекшілігімен 8 ота жасалды
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Алматыда №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында аяқ-қолдың туабітті және жүре пайда болған кемістіктерінің зардабын тартып келе жатқан балаларға реконструктивтік оталар жасалды.
Пациенттердің ең кішісі 1 жаста. Бала 8 саусақпен туылған. Полифалангия деп аталатын кемістік салдарынан, артық саусақтар баланың ойыншық ұстап, алақанын ашып-жұмуға кедергі келтіріп келген.
"Біз үшін бұл керемет жаңалық болды. Осындай отаны Алматыда, тегін жасатамыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді", - дейді анасы.
Бүгінгі шара барысында дәрігерлер отаны шеберлікпен орындап, сәбиге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.
"Милосердие" еріктілер қоғамы" және "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорларының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық шеберлік класына еліміздің түпкір-түпкіріндегі клиникаларда ортопедия-травматология, микрохирургия салаларында еңбек ететін дәрігерлер қатысты.
"Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирург Сергей Голянның жетекшілігімен өткен шеберлік класы барысында қазақстандық балаларға 8 күрделі ота жасалды. Ресейдің атақты пластикалық хирургі тағы 20 кішкентай пациентке консультация беріп, отандық әріптестерімізге микрохирургия саласындағы озық әдістемелер жөнінде лекциялар оқыды. Бұл шараның Қазақстандағы балалар микрохирургиясын дамытуға қосар үлесі зор", - деп атап өтті №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.
Күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалды.
"Шеберлік класын жәй ғана тәжірибе алмасу деп қарастыруға болмайды. Себебі біз қазақстандық әріптестермен бірге балалардың болашақта емін-еркін қимылдап, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасадық", - деді хирург Сергей Голяна.