Түркістан облысында майдангер 100 жасқа толды

Жазылу
Петр Попков 18 жасында майданға ерікті болып аттанған
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Түркістан облысында майдангер 100 жасқа толды.
Әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады.
Петр Попков 1925 жылдың 20 маусымында Башқұрт АКСР Максимовка ауылында дүниеге келген.
18 жасында майданға ерікті болып аттанған. Қысқа дайындық курстарынан кейін ол майдан шебіне жіберілген.
Ол Польша, Чехословакия, Югославия, Молдова, Румыния, Венгрия және Болгарияны азат етуге қатысқан.
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде жұбайы Галина Евсеевнамен бірге Қазақстанға келген.
@sputnik_aitady
Теңдік Изақов - тыл ардагері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада ардагерді Жеңіс парадына кіргізбеді
Жаңалықтар
0