Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Астанада ардагерді Жеңіс парадына кіргізбеді

© Photo : Акимат АстаныТеңдік Изақов - тыл ардагері
Теңдік Изақов - тыл ардагері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазылу
Тыл еңбеккері 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмады
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Астанада тыл еңбеккері 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмады. Ардагер неге елеусіз қалды, қалалық әкімдік түсініктеме берді.
© Photo : Акимат АстаныТеңдік Изақов - тыл ардагері
Труженик тыла Тендык Изаков - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Теңдік Изақов - тыл ардагері
Шеруге кіре алмай қоршау сыртында қалған ардагердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Артынша айыпты екенін айтып, жауапты мамандар ардагерден кешірім сұрады.
Елеусіз қалған тыл ардагері - профессор Теңдік Изақов болып шықты.
© Photo : Акимат АстаныТеңдік Изақов - тыл ардагері
Труженик тыла Тендык Изаков - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Теңдік Изақов - тыл ардагері
Әкімдік іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылатынын түсіндірді.
"Орын санының шектеулі, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді. Жеңіс парадына еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ", - дейді қалалық әкімдік.
© Photo : Акимат АстаныТеңдік Изақов - тыл ардагері
Труженик тыла Тендык Изаков - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Теңдік Изақов - тыл ардагері
Астана әкімдігі Теңдік Изақов пен оның жақындарынан туындаған жағдайға байланысты кешірім сұрады. Тыл ардагері 9 мамыр күні гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылды.
Архивное фото военного парада в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Астанадағы әскери парад тікелей эфирден көрсетіледі - қорғаныс министрлігі
Жаңалықтар
0