https://sputnik.kz/20250622/qaraly-kun-1941-zhyldyn-22-mausymynda-uly-otan-sogysy-bastaldy-54988404.html
Тосыннан жасалған шабуыл: 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды
Тосыннан жасалған шабуыл: 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды
Sputnik Қазақстан
Бүгін, 22 маусымда Ұлы Отан соғысының басталғанына 84 жыл толды 22.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-22T09:12+0500
2025-06-22T09:12+0500
2025-06-22T09:36+0500
ұлы отан соғысы
https://sputnik.kz/img/07e5/05/06/16985966_0:156:3000:1844_1920x0_80_0_0_eace0a523d955589d924bb4e9ffe2631.jpg
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. 1941 жылы дәл осы күні фашистік Германия соғыс жарияламай Кеңес Одағына басып кірді. Шабуыл таңертең ерте кеңестік қалаларды, әскери аэродромдарды және инфрақұрылымды жаппай бомбалаудан басталды.Бұрынғы КСРО аумағында, оның ішінде Қазақстандағы миллиондаған адам үшін 1941 жылғы 22 маусым отбасылар мен ұлттардың тағдырын өзгерткен күн болды.Ресми дерек бойынша, Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам майданға аттанып, 600 мыңы елге оралмаған.Республикада белсенді тыл қолдауы да жүргізілді: оқ-дәрілер мен киімдер шығаратын зауыттар жұмыс істеп тұрды, егістіктерде майданға арналған астық өсірілді.1941 жылдың шілдесінен 1942 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанда 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және қарулы күштердің басқа да салаларының 50-ге жуық полктері мен жекелеген батальондары құрылды. 633 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды, ондаған мың адам басқа да марапаттарға ие болды.Тарихшылар мен қоғам қайраткерлері қазіргі заман жағдайында Ұлы Отан соғысы оқиғаларын есте сақтаудың маңыздылығын айтады. Сол дәуірдің ардагерлері, куәгерлері жылдан-жылға азайып, жаңа ұрпаққа бұл оқиға жайында жеткіізу ұлттық маңызы бар мәселеге айналып келеді.Соғыс басталған күн бейбітшіліктің бағасын және агрессия мен зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бірліктің маңыздылығын еске салатын еске алу және қайғы-қасірет күні ретінде аталып өтеді.
https://sputnik.kz/20250115/astanada-uos-ardagerlerine-5-million-tengeden-tolenedi-49991671.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/06/16985966_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_976e33e6eacf5b4f1c4b9aae94c84c6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы
Тосыннан жасалған шабуыл: 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды
09:12 22.06.2025 (жаңартылды: 09:36 22.06.2025) Бүгін, 22 маусымда Ұлы Отан соғысының басталғанына 84 жыл толды
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. 1941 жылы дәл осы күні фашистік Германия соғыс жарияламай Кеңес Одағына басып кірді. Шабуыл таңертең ерте кеңестік қалаларды, әскери аэродромдарды және инфрақұрылымды жаппай бомбалаудан басталды.
Бұрынғы КСРО аумағында, оның ішінде Қазақстандағы миллиондаған адам үшін 1941 жылғы 22 маусым отбасылар мен ұлттардың тағдырын өзгерткен күн болды.
Ресми дерек бойынша, Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам майданға аттанып, 600 мыңы елге оралмаған.
Республикада белсенді тыл қолдауы да жүргізілді: оқ-дәрілер мен киімдер шығаратын зауыттар жұмыс істеп тұрды, егістіктерде майданға арналған астық өсірілді.
1941 жылдың шілдесінен 1942 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанда 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және қарулы күштердің басқа да салаларының 50-ге жуық полктері мен жекелеген батальондары құрылды. 633 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды, ондаған мың адам басқа да марапаттарға ие болды.
Тарихшылар мен қоғам қайраткерлері қазіргі заман жағдайында Ұлы Отан соғысы оқиғаларын есте сақтаудың маңыздылығын айтады. Сол дәуірдің ардагерлері, куәгерлері жылдан-жылға азайып, жаңа ұрпаққа бұл оқиға жайында жеткіізу ұлттық маңызы бар мәселеге айналып келеді.
Соғыс басталған күн бейбітшіліктің бағасын және агрессия мен зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бірліктің маңыздылығын еске салатын еске алу және қайғы-қасірет күні ретінде аталып өтеді.